Соңғы жаңалықтар

№44 (8958) 13

13 маусым 2026 ж.

№43 (8957) 9

09 маусым 2026 ж.

№42 (8956) 6

06 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ЖАҢА ТЕХНИКАЛАР МЕН ЖЕҢІЛ КӨЛІКТЕРДІҢ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

ЖАҢА ТЕХНИКАЛАР МЕН ЖЕҢІЛ КӨЛІКТЕРДІҢ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ


Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары және ел ағаларының қатысуымен азаматтық қорғау саласының қызметкерлеріне 11 заманауи өрт сөндіру және арнайы жабдықталған жеңіл автокөлік кілтін табыстау рәсімі өтті.

Рәсімде облыс әкімі саланы қолдау мемлекеттің маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Табиғи және техногендік апаттар туындаған кезде құтқарушылардың еңбегі ерекше мемлекеттік мәнге ие болады. Мемлекет сіздердің қажырлы еңбектеріңізді бағалайды», - деген болатын.
Азаматтық қорғау органдары - төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюға бағытталған жұмысты атқаратын еліміздегі маңызды құрылымдардың бірі. Олардың басты міндеті – өз өмірлерін қауіп-қатерге тіге отырып, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Бүгінде Президентіміздің, Үкіметтің тапсырмасымен қолдау шаралары жүйелі жүргізілуде. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастырамыз.
Бүгінгі жаңадан табыстағалы тұрған өрт сөндіру техникалары игіліктеріңізге қызмет етсін!
Еліміз тыныш, халқымыз аман, Тәуелсіздігіміз баянды болғай!», - деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Салтанатты шарада Шыңғыс Әрінов сөз сөйлеп, төтенше жағдайлар саласында аянбай еңбек етіп жүрген қызметкерлер мен сала ардагерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен және Төтенше жағдайлар министрлігінің наградаларымен марапатталды.
Шара соңында аймақ басшысы және Төтенше жағдайлар министрі жаңа техникалар мен жеңіл көліктердің кілтін салтанатты түрде табыстап, №6 өрт сөндіру бөлімінің жұмысымен танысты.
Айта кетейік, күні кеше Аралдың Қамыстыбас және Қазалының Жанқожа батыр ауылдық округтерінде «Ауыл құтқарушылары» республикалық бағдарламасы аясында жаңа өрт сөндіру бекеттері ашылған болатын.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
13 маусым 2026 ж. 552 0