№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТӘҢІР АТҚАНҒА, ТАҢ АТПАЙДЫ

ТӘҢІР АТҚАНҒА, ТАҢ АТПАЙДЫ


Құранның сөзі де рас, өзі де рас. Абай Алланың сөзі өрнектелген кітапқа осылай баға берді. Расында, Жаратушының құдіретінде шек жоқ. Оны газеттің №3 нөмірінде «Тәңір атқанға, таң атпайды» мақаласында арқау еттік. Әрі алдағы уақытта Лут пайғамбар елінде орын алған оқиғаны кеңірек тоқталатынымызды айтқан едік.
Лұт (а.с.) пен Ибраһиммен (а.с.) інісі. Ол Ибраһим (а.с.) алаулаған отқа тасталып, одан аман-сау шыққан мұғжизаны көріп, соңынан ерген жалғыз адам еді. Оны Алла Тағала: «Сонда Лұт оған иман келтірді», – дегенінен білеміз («Әнкабут» сүресі, 26-аят).
Ибраһим (а.с.) Мысырдан Палестинаға келісімен Лұтты (а.с.) Садумға дағуат жасауға жібереді. Садум – үлкен сауда орталығы әрі керуен сарайы да еді. Кей деректерде «Онда жеті қала болған», – деседі. Олардың тұрғындары арасында бірде бір мүмін болмаған, бәрі де дінсіз екен. Алла Тағала Садум қауымын жоюға жіберілген елшілердің аузымен: «Ол жерден мүміндерді шығардық (құтқардық). Дегенмен ол жерден мұсылмандардан бір үйден басқасын таппадық», – деген («Зәрият» сүресі, 35-36-аяттар).
Тек Лұттың (а.с.) отбасы ғана мұсылман, қалғандары кәпір әрі өте пасық, барынша азғындықтың шегіне жеткен ел болатын. Онда бұған дейін әлемде ешкім жасап көрмеген аса жиіркенішті әрекет жаппай етек жаяды. Алла Тағала Құранда мұны: «Лұт сол уақытта еліне: «Сендерден бұрын әлемде ешкім де жасамаған бір арсыздықты істейсіңдер ме? Сендер әйелдерді қойып еркектерге асыласыңдар ма? Әрине, сендер азғын елсіңдер», – деді», – деп баян еткен («Ағраф» сүресі, 80-81-аяттар).
Лұт (а.с.) пайғамбар: «Дүниеде (әйелдер бола тұрып) еркектерге шабасыңдар ма? Раббыларың сендер үшін жаратқан әйелдерді (қажет етпей) тастайсыңдар ма? Сендер шектен шыққан елсіңдер», – деді («Шұғара» сүресі, 165-166-аяттар).
Олар әйелдермен емес, тек еркектермен өзара жыныстық қатынасқа түсуді қалады әрі солай етті де!
«Лұт елі жіберілген (пайғамбарды) жалғанға шығарды. Сол уақытта (бұларға) туысы Лұт: «Қорықпайсыңдар ма? Мен сендерге сенімді бір елшімін. Енді Алладан қорқыңдар да маған бойсұныңдар. Бұл үшін өздеріңнен ақы сұрамаймын. Менің еңбегім әлемдердің Раббысы үшін», – деді» («Шұғара» сүресі, 160-164-аяттар).
«Сонда елінің жауабы: «Егер шыншылдардан болсаң, қане, бізге Алланың азабын келтірші», - деуден аспады» («Әнкабут» сүресі, 29-аят).
Өзінің қаншама дағуатына құлақ аспаған қауымының иманға келуінен үмітін үзген Лұт (а.с.) амалсыздан бұларға қарсы дұға жасап: «Раббым, мені және отбасымды бұлардың іс-қылықтарынан құтқар», – деді» («Шұғара» сүресі, 169-аят).
Сонда Алла Тағала Лұттың (а.с.) дұғасын қабыл етіп, үш бірдей ұлық періштелер Жәбірейіл (а.с.), Микаил (а.с.) және Исрафилді (а.с.) жібереді. Олар: «Шынында, біз қылмысты бір елге үстінен (балшықтан) тас жаудыру үшін жіберілдік. Раббың тарапынан шектен шығушылар үшін (осы) белгіленген (жаза)», – деді» («Зәрият» сүресі, 31-34-аяттар).
«Дереу түннің бір бөлігінде (ешкім көрмеу үшін) үй-ішіңмен (бұл елден) кет. Өзің олардың соңынан жүр. Сендерден ешкім артына қарамасын. Бұйырылған жерге барыңдар. Расында, олар (бұл ел) таң ата (ешбіреуі де тірі қалмай) жоғалады» деген бұйрықты білдірдік» («Хижр» сүресі, 65-66-аяттар).
Сөйтіп Лұт (а.с.) Садумды тастап шықты. Онымен бірге екі қызы ғана болды. Олар ауылдан ұзап кеткен соң, таң атып күн шыққанда садумдықтарға Алланың азабы да жетті. Алдымен Жәбірейіл (а.с.) бұларды ащы дауыспен оятып, содан соң қанатының шетімен қалаларды аспанға атты. Аспанға атқаны соншалық, «аспандағы періштелер сол қалалардағы тауықтар мен иттердің (азан-қазан) үрейлі дауыстарын естіді», – делінген. Мұнан соң аспаннан бұларға әрқайсысының аты жазылған тастар жауып, елдің астын-үстіне келтіріп, асты-үстіне түсіреді.

P.S.: Алла қаһарына ұшыраған елді кейінгі ұрпақтарға ғибрат үшін теңіздің астына тасталыпты. Қазір Садум елі мекендеген жер «Өлі теңіз» деп те, «Лұт теңізі» деп те аталады екен. Ендеше, Жаратушының қаһарына ұшырамау үшін арсыз тірліктерден сақ болайық...

Ерубай ҚАЛДЫБЕК.
03 ақпан 2018 ж. 1 723 0