№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Үнемділік – ырыс, ысырапшылдық – шығыс

Үнемділік – ырыс, ысырапшылдық – шығыс


Түрлі  алпауыт елдің экономикасына әсер етіп жатқан дағдарыс Қазақстанға да өз кесірін тигізбей қоймасы анық. Осы орайда, халықтың әр нәрсені ысырап етпей, үнемдеуі өте  маңызды. «Судың да сұрауы бар» демекші, су, газ, электр энергиясы  сынды табиғи қажеттіліктерді бағалай білген жөн. «Қасықтап жинағанды, шөміштеп төкпейтін» заман туды. Теңгенің құлдырап, доллардың асқақтап тұрған уақытында  теңгені тиыннан өсіру бізге байланысты  екенін ұмытпаған ләзім.
– Дағдарысқа қарсы  қадам­дардың ішіндегі Елбасы айтқандай  «Көрпеге қарай көсілу» ұғымын толық құптаймын. Себебі, елдің әл-ауқаты артқан сайын, халық  астамшылыққа көп жол беріп жатыр. Әр шаңырақта теледидар, компьютер, жарықшамдар  күндіз-түні қосылулы. Алайда, қуат көзінің босқа кетіп жатқанын ойлап қою керек, – дейді аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Самал Абдуллаева.                               
Жалпы, ысырапшылдық адамгер­шілікпен қатар мұсылманшылдыққа да жат. Бұл жайында – Қасиетті Құран Кәрімде: Ішіңдер, жеңдер, бірақ, ысырап қылмаңдар: Шындығында, Алла Тағала ысырап қылушыларды сүймейді», – делінген. Иә, үнемшілдік – Жаратушы алдында да сүйікті іс. Өйткені, адамзат баласы барлық нығмет үшін сұралады. Сонымен қатар, Мұхаммед (с.а.у) пайғамбардың  хадистерінде де  «Кімде-кім үнемшіл болса, Алла Тағала оны бай етеді. Кімде-кім ысырапшыл болса, Алла оны кедей етеді» деп айтылған. Олай болса, халықтың бай болуы да, кедей болуы  да үнемшілдік пен ысырапшылдыққа тікелей байланысты екен.
Қосүйеңкі ауылының ақсақалы Амантай Досжанов:
 – Біздің заман өте қиын кез еді. Балалық шақ соғыспен тура келді. Қазіргі балалардай қалаған ойыншықпен ойнап, қалаған тағамды жей алмадық. Сол тоқырау замандарда бір үйде 13-14 адам тұрдық.  Бәріміз үстелге жиналғанда, бір уыс бидайды ата-әжеміз дастарқанға шашып жіберетін, әрқайысымызға бір-екі түйір дәннен келетін. Жеп үлгерген жеді, үлгермегеніміз аш жататынбыз.  Міне, сол кездегі жоқшылықтың көрінісі.  Бір түйір дән мен бір тамшы су біз үшін өте қастерлі еді.  Ол уақытта қазіргідей мал асырауға рұқсат берілмейтін, кімнің малы, кімнің астығы болса түгел тәркіленетін. Ата-анамыз астық сақтайтын жер болмағандықтан, жердің астын қазып, от өртеп,  ұра жасап астықты сонда сақтайтын. Бір-екі  қап астығы бар үй ең бай  болып саналатын, – деп үнемшілдікке үгіттеуге тырысты.
Түйін. Иә, ақсақал көрген аштық, соғыс, жарықтың жоқтығы, жоқшылық  қазір бұл қиындықтың біреуі де жоқ. Құдайға шүкір, арқасын кеңге жайған елміз. Әркім тапқан қаржыны қалай жұмсау керектігін өзі шешеді. Бірақ, бардан да, жоқтан да үнемдеу – қазіргі заман талабы. Яғни, қолда барды қадірлеп, үнемдеуді үйренсек...

Ханзада ДОШАН.
12 қаңтар 2018 ж. 8 458 0