№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Таразыдан жеу – кісіге сын

Таразыдан жеу – кісіге сын


Базарға кіре бере айқайласып жатқан екеуге жиналған көпшілікті байқап қалдым. Ара-тұра «...ай қойсаңдаршы, елден ұят болады» дегенге құлақ асатын түрі жоқ. Өздері «біраз жерге» барып қалған. Әлгі алушымыз затын алып болып, таныс сатушысына келіп затын қайтадан өлшетпек ниетімен таразыға қоя салған. Қомақты қаржыға сатып алған тауары төлеген ақшасынан едәуір аз көрсетіп тұрған соң ал кеп ашулансын. Барса сатушы кешірім сұрамақ түгілі, өзіне дүрсе қоя берген. Содан кейінгісі әлгі дау-дамайға ұласып отыр. Расында ұят қылық.
Бүгінгі тақырып ауаны сауда-саттық, һәм таразы тазалығы тақырыбы екенін байқап отырған боларсыздар.
Алланың сауданы халал, өсімді харам еткенін «Бақара сүресінен» білеміз. Он ырыстың тоғызы диқаншылық пен саудада. Қалғаны мал асырап сатуда делінген қасиетті кітапта. Жалпы Алланың сүйікті елшісі пайғамбарымыз Мұхаммед, пайғамбар болмастан бұрын саудамен айналысқанын білеміз. Сол замандағы Мекке халқының тұрмыс тіршілігі де сауда-саттықпен тығыз байланысты еді. Сол кезде керуенбасы Мұхаммед ел сенімінен шығып, сауда жасауда өзгелерге үлгі бола білді.
Бұрынырақта соғым сояр кезде апамның жүретін кезі есімде. Сонда қасапшыға «әй, балам, таразыңа дұрыстап тарт, кісіден ұят болмасын» деп ұятты өзінен жоғары қоятын үлкендер әлі де баршылық. Олай дейтінім, атамыз жас кезінен қасапшылықпен айналысып, мал алып сатуды кәсіпке айналдырғандардың бірі. Соны үлгі еткен жолдасым да қыстыкүні мал байлап соғым сойып, артылғанын үлестіріп сатып жатады. Сонда атамыз балаларына аса бір сабырлы қалыпта таразыдан жемеу қажеттігін ұқтырып тұратын. Ол кісінің осы айтқандарын айнытпай орындауға тырысатын ұлдары кейде ет алушы адамдарға артығымен салып жатқанын көргенде көңілім толқып кеткені бар. Мұның өзі әке алдындағы аманатта біреудің ала жібін аттамай, өз кәсібіне қылдай болса да кір жуытпай адал болу.
Ал бүгінгі қоғамда белең алған кейбір оғаш қылықтарды көргенде қарадай қарның ашады. Қыстыкүнгі соғымға сойылған жіліктерді алып, үйге әкеліп таразыға тартсаң кем екенін көріп кәдімгідей қынжылып қаласың. Үйге келген аздау етке емес, күнәға батып жатқан көркеуде жанға іштей налып, жаның ашиды.. Ал базбіреулер сенгіштікке салынып, тіпті мән бермейді. Дұрыс қой. Бірақ саудада достық жоқ деген де бар. Ал сіз ойлы оқырман, не дейсіз?

Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА.
15 қаңтар 2018 ж. 2 075 0