№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Тәңір атқанға таң атпайды

Тәңір атқанға таң атпайды


Жаһандану үрдісі батыстан бастау алып, Кәрі құрлық әлем жұртына заманауи өмір сүрудің бағыт-бағдарын үйретіп әуре. Батысшыл дағды қазақы таным-түсінік пен ұлттық мүддеге керіғар бола тұра өмірімізге дендеп ене бастады. Содан болса керек-ті, қарттар мен жетімдер үйінің көбеюі, бір жыныстылардың неке құруы, жалаңаштана бастауымыздан және т.б. жайттарға таңырқамайтын болдық. Батысты үлгі тұтып жүргенімізбен онда орын алған оқиғалардан сабақ алғымыз келмейді. Расында, батыста Алланың қаһарына ұшыраған елдер көп. Сондай жұрттың бірі – помпейліктер.

Оқушы кезімізде көрген нәрсенін тарихын, мәнін, маңызын білуге құштар болатын едік ғой. Интернаттағы демалыс залында Иван Айвазовскийдің «Тоғызыншы балл», Карл Брюлловтың «Помпейдің соңғы түні» картинасы есімде қалыпты. Алғашқысында дүлей толқынмен арпалысқан ержүрек матростардың ерлігіне тәнті болсам, екіншісінде табиғи апатқа ұшыраған елді аяйтынмын. Бірақ, суретші картинаны қандай негізге сүйеніп салғандығы жұмбақ болатын. Жадымда сақталған картинаның тарихын зерделеуді ұмыт қалдырған емеспін.
Талай кітапты парақтадық. Сондай туындылардан Помпей қаласы туралы біршама мағлұматқа қанықтым. Помпей қаласы Италиядағы атақты Везувий жанартауының оянуы салдарынан біздің дәуіріміздің 79 жылының 25 тамызындағы апаттан жойылған. Қаланың қиранды қалдығы бұл оқиға өткеннен кейін бір 1,5 мың жыл өткенде (1594 жылы) кездейсоқ жағдайда табылды. Алайда археологиялық қазба жұмыстары тек 1748 жылдан бастап ішінара жүргізіле бастады. Тек 1840-1850 жылдары көміліп қалған қала күлдер мен тастардан аршылып, тазартылады. Сөйтіп, сан ғасыр бұрын өткен сұрапыл сойқанның беті ашылды. Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде қаланың өткен тыныс-тіршілігі анықталып, адамилықтан жат құндылықтар ашылды.
Помпей – инфрақұрылым жұмыстары жүргізілген бақуатты шаһар болған. Есесіне, тоқшылыққа мастанған қаланың ақсүйектері білгенін істеп, шарапханалар санын арттырып, қызойнақтар салдырады. Шаһарда маскүнемдер мен гомосексуалистер көбейеді. Онда құмар ойыны асқындап кетеді. Зерттеушілер қазба жұмысы кезінде осындай фактілерге ұшырасады. Осындайда халқымыздың «көп асқанға – бір тосқан» деген нақылы еске түседі.
Біздің заманымызға дейінгі 79 жылы 25 тамызға қараған түні азғындаған елге жаратқан Алланың жіберген жойқын жазасы жүзеге асып, жоғарыда айтылғандай қала халқы қалын күлдің астына қалады. Қала тіршілігі күлдің астында сол күйінде сақталыпты. (Мұны Жаратушының бізге ескертуі ретінде қабылдау керек. авт.)
Осы орайда, Карл Брюллов «Помпейдің соңғы түні» картинасын қалай және қандай негізде салды деген заңды сауал туындайтыны белгілі. Осы сауалға парасат-пайымымыз жеткенше жауап іздеп тапқандай болдық.
Суретші 1799 жылы Санкт Петербургте мүсінші Павел Брюллоның отбасында дүниеге келген. Ол шығармашылық сапармен 1827 жылы Италияға сапар шегіп, мәңгілік қала Римде және сол кездері археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан Помпей қаласында болады. Осы сапар барысында жас Карл 18 жасында Помпей апатының куәгері болған ежелгі Рим шешені әрі жазушы кіші Плинийдің (61-113 жылы) замандасы тарихшы Тацитке апаттың бүге-шігенсін қалдырмай жазған хатын оқуы оған үлкен ой салады. Нәтижесінде оның қолынан 1830-1833 жылдар аралығында майлы бояумен салған «Помпейдің соңғы түні» картинасы дүниеге келеді. Картинада суретші 40-тан астам адамның бейнесін салып, олардың соңғы сәттегі көңіл-күйі мен шарасыздық кейіптерін боямасыз көрсете білген.
Ағылшын кинорежиссеры Пол Уильям Скотт Андерсонның «Помпей» атты тарихи фильімін көрген боларсыздар. Помпей шаһарының мері Северус амфитеатр алаңында «гладиаторлық» жекпе-жектерді өткізуі, оған Рим сенаторы Корвустың келуі арқау болады. Сондай-ақ, шаһар басшысының қызы Кассии мен құл Майло арасындағы сезімді аңғарасыз. Фильмде шаһар тұрғындарының маскүнемдігі, бір жыныстылардың әрекеті, құмар ойынға берілуі де сюжетте ұмыт қалмайды. Фильм соныңда қала халқы жанартаудан атқылаған күл мен тасқа көміледі.
Помпей қаласының жер бетінен жойылып кетуін тарихшылар жанартаудың атқылауынан деп дәлелдеп келді. Бірақ, Помпей қаласының орнынан археологтар қаланың ғимараттарының зақымданбағанын, адамдардың денесі бүлінбей сол қалпында қалғанынан Помпей трагедиясы – Лұт пайғамбар елінің басына түскен апатпен сабақтас екенін тануға болады (Бұл жайлы алдағы уақытта кеңірек тоқталатын боламыз. авт). Яғни, Помпей қаласы бұзылған жыныстық қатынастың ордасы болған. Қазіргі Италиядағы Капри аралы (Помпей оқиғасы болған жер) гомосексуалистердің бас қосатын жын ойнағына айналған көрінеді. Мұндай ерсі әрекеттер елімізде де кездесе бастағанын оқып, біліп жүрміз. Құдай сақтасын. Алланың қаһарына ұшыраған елге айналмау үшін тарихтан сабақ ала білейік...

Ерубай ҚАЛДЫБЕК.

11 қаңтар 2018 ж. 1 728 0