№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ІНДЕТКЕ ТОСҚАУЫЛ – САҚТЫҚ, САУАТТЫЛЫҚ

ІНДЕТКЕ ТОСҚАУЫЛ – САҚТЫҚ, САУАТТЫЛЫҚ


Дәрігер болу адам өміріне жауапты болуды жүктейді. Ал инфекционист болу майданға шыққан солдаттай, күш-жігерін мықты әрі біліктілікті қажет етеді. Осылай деген Жаңақорған аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі Әсел Сейілова індетпен халық болып күресу қажеттігін айтты.

Елде төтенше жағдай жарияланысымен, 3 ай бойы үйдегі бала-шағасы мен отбасын көрмей, әр сағатын індетпен күресуге арнаған дәрігердің бос уақыты жоқ. Себебі бұл бөлімшеде коронавирустан өзге де түрлі жұқпалы аурулармен науқастар түсіп, ем-шара алады. Ауыр дертпен күресіп жүрген қайсар қызбен бірер сәтке сұхбаттасып, пандемиямен күресудің тәсілдерін сұрадық.
– Халықтың өз денсаулығына, туыстарының, бала-шағасының денсаулығына немқұрайлылық танытуынан дерт ушыға береді. Бұл біздің жұмысты қиындатады. Біздің бөлімшедегі 30 медперсонаж үйіне оралмағанына 3 ай болса да, сыр берместен бар біліктілігін аянбай, халық саулығына арнауда, – деді ол.
Басшы болғандықтан өзіне сенім артқан әріптестерінің сағын сындырмай, оларға үлгі болуға талпынып жүргенімен, жаны нәзік әйел заты болғандықтан отбасы ойынан шықпайтыны сөзсіз. Жұмыс үстелінде отбасылық суретіне қарап, сағынышын басатыны да бар. Мұндағы медициналық қызметкердің қайсысы болмасын, отбасын сағынып, зарығып жүр-ау, шамасы...
– Телефонда «ана үйге қашан келесіз?» деген балаларымның сұрағына не жауап қайтарарымды да білмей қаламын кейде...Әрине, сағыныш сейілмейді ғой, әйтсе де «анашым, мықты болыңыз, біз әрқашан біргеміз» деген сөздері жұмысқа деген құлшынысымды оятып, сыр бермеуге тырысып жүрмін», – деді ағынан жарылып.
Сонымен инфекционист дәрігер індеттің симтомсыз түріне қалай шалдыққанымызды тексеруге болатын тәсілді сөз етті. Халықаралық дәрігерлер айтқандай, 15 минут ішке демді жұтып, тыныштық сақтап тұру қажет. Егер осы кезде жөтел қысса, не кеуде ашыса онда тез арада дәрігерге ескертіп, тест тапсыру керек. Қоғамнан алшақ ұстап, жиі су ішіп, қолды жиі жуып, таза ауада дем алу да індетке кері иммунитет. Қоғамдық орында маска тағып, арақашықтықты 1,5 метрден кем етпеген дұрыс. Ақша да вирус таратушы. Сондықтан ақша ұстағанда қолға медициналық қолғап не антисептик тағу керек.
Сырқа шығып келгенде түгел сабынды сумен шомылып, мұрын қуысты тазалап, үй жайды тазалық сақтау да індетке тосқауыл. Елдегі дәрігерлердің нұсқауымен емделіп, қоғамдық ережеге мән берген абзал.
– Маска тақпау – өз өміріңізді тәуекелге тіккенмен бірдей. Егер маска сатып алуға мүмкіндік болмаса, қолдан жасап алған жөн. Дәкенің арасына фильтр болмаса, оның орнына антивирусты орамалшаларды салып пайдаланса да болады, – деді инфекционист дәрігер.
Маска таққанда ауыз бен мұрын толық жабылып, бетке толық төселуіне мән берген жөн. Егер бет, жақ, мұрын аралығында кішкентай саңлау болса, оны мақтамен қымбап жауып алыңыз. Иненің көзіндей тесіктен кез-келген вирус еркін өте алатынын, өз денсаулығыңызды ғана емес, отбасы мүшелерін түгел заяндайтыныңызды біліп жүріңіз. Міне, осы секілді тиімді ақпараттармен бөлісіп, халықты жаппай қорғану шараларын күшейтіп, сақтық сауаттылықты жоғарылату қажетін айтты.
ТҮЙІН. Халық та уақыт өте келе енді ғана қауіпті індеттің барына сене бастағандай. Мұны көшедегі азаматтардың маскалық режимге көше бастағанынан аңғарасыз. Десе де, сақтық шараларын сақтау, өз отбасын қауіптен қорғау, өзіңнің денсаулығын нығайту т.б сақтық сауаттылықтың әліппесі екенін біле бермейтініміз рас. Әлем елін дендеген пандемиядан сақтану – өз үйіңде отырып, қоғамнан алшақтану екенін шынайы сезінсек екен...
Мақпал ПАТЕНОВА
22 маусым 2020 ж. 604 0