№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Перзенттерін сағынып жүрсе де қызметін адал атқарып жатқан ма­мандар бүгінгі күннің батырлары

Перзенттерін сағынып жүрсе де қызметін адал атқарып жатқан ма­мандар бүгінгі күннің батырлары

Аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесінде коронавирусты жұқтырған науқастарды жазылып кетуіне еңбек сіңіріп жүрген медицина мамандарының ішінде санитар-тазалықшылардың орны бөлек. Сәт сайын тазалық жұмыстарын жүргізіп, індетпен күресіп жатқан жандарға дем береді. Солардың бірі – Зылиха Сұлтанбаева.
Алты жылдан бері бөлімшеде қызмет етеді. Бүгінгі жағдай бұрынғыдан өзгерек. Себебі айға жуық отбасынан жырақта жүр.
– Кім білген мұндай қауіпті індетпен бетпе-бет келетінімізді. Алғашқы нау­қас анықталған күннен бастап осында қонып жұмыс жасаудамыз. Мұндай сәтте уайымға салынып, әлсіздік танытуға болмайды. Өзімізді жігерлендіріп, өз-өзімізге сену маңызды. Әріптестерімнен осыны үйрендім. Біздің міндет сани­тарлық тазалық жұмыстарын жүргізу. Осындағы мамандармен бірге науқас­тардың тезірек сауығып кетуін тілеп, еңбек етудеміз, – дейді Зылиха Байдуллақызы.
Таңғы 8-ден басталатын жұмыс күні 12 сағатқа созылады. Оларға артылар жүк те жеңіл емес. Қажетті ерітінді жасап, науқастар жатқан әр бөлмеге күшейтілген режимде үздіксіз тазалау жүргізеді. Дәрігердің нұсқаулығымен індет жұқтырған науқас анына қарай төсек орын дайындап, оларды жайғастыру әрі қарай күнделікті күтімі, төрт мезіглі ас ауқатын тарату бәрі тазалықшының міндеті. Вирус жұқтырғандармен тікелей байланыста болу кім-кімге де психологиялық соққы болатыны анық. Соған қарамастан соңғы науқас жазылып шыққанша күш-жігерін аямай еңбек етуге ниетті. Оған оның күш-жігері де қажыр-қайраты да жетеді. Алайда әйел үшін бірінші орында қашанда отбасы тұрмайма? Отбасын уайымдап, оларға телефон арқылы үйде отыруын сұрайды.
– Әрине перзенттерім бір сәт ойымнан шыққан емес. Сағынасың. Бірақ сезімге ерік беретін кез емес. Төрт перзентім бар. Үлкен ұлым студент. Бауырларына өзі бас-көз болып отыр. Жолдасым өзге облыста вахталық режимде жұмыс жасайды. Ол да карантин бас­талып, сонда қалды. Осындай сәтте балаларыма ауданның игі жақсылары азық-түлік беріп, өздері оқитын мектеп басшылығы компьютер, тұрмыстық заттармен қамқорлық көрсетіп жатыр. Оларға алғыстан басқа айтарым жоқ, – деді ол.
«Кемедегінің жаны бір» демей ме бұл бөлімшедегі қандай қызметкер болмасын, қауіпті індетпен сәт сайын кезігеді. Олардың ерлігі дәрігерлермен бірдей. Дәрігер емдесе, бұлар ден­саулықтың негізгі кепілі тазалықты жүргізеді.
Індеттің беті қайтып, бүгінде бөлімде бірнеше науқас қалды. Сонда да тәртіп қатаң. Сақтық шарасын сақтау міндет. Оған ауданда індет жойылып, отбасымен қауышсақ деген үміт күш береді.
Расында коронавирус жаһан жұртын үйіне тықты, ал медицина және полиция қызметкерлерін отбасынан жырақтатты. Карантиннің қашан аяқталары белгісіз. Алайда жақын арада аяқталарына сенім басым.
Тазалықшы Зылиха Сұлтанбаеваның ұзақ күнге созылған ауыр еңбегі, аудан тұрғындарына ой салып, кентте бей-берекет жүруіне шектеу қойса игі. Болмаса вирустың жаңа ошағы анықталып, олар отбасымен ұзақ уақытқа жырақтайды. Өйткені үміттен күдік басым сәтте бір адамның шалыс қадамы кем дегенде екі апталық оқшауды талап етеді. Бұл – ондағы мамандарға тағы да отбасынан жы­рақтауға тура келеді. Сондықтанда әр адам үйінде отырып, коронавирусты жеңуге үлесін қосса...
Перзенттерін сағынып жүрсе де қызметін адал атқарып жатқан ма­мандар бүгінгі күннің батырлары демеске хақымыз жоқ.

Майра ҒАНИЕВА
21 сәуір 2020 ж. 1 703 0