№81 (8994) 24

24 қазан 2026 ж.

№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» Үйде болыңыздар!

Үйде болыңыздар!



Қытайдың Ухань қаласынан бастау алған коронавирус біздің елді айналып өтпеді. Сақтық шаралары жөнінде үгіт-насихат жұмыстары жүргізілгенімен, немқұрайлылық танытудың салдарынан вирусты жұқтырғандар саны артуда.
Бүгін ауданымызда Сovid-19 пандемиясын жұқтырған азамат анықталып, ауруханаға жатқызылды. Қазір талапқа сай емдеу шараларын бастап кеттік. Онымен қарым-қатынаста болған барлық тұрғындар оқшауланып, карантиндік режимге көшті.
Жалпы Сыр өңірінің бес тұрғынан инфекцияның белгілері анықталды. Әрине бұған бей-жай қарауға болмайды. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіхалықова шұғыл шешім шығарып, карантин енгізді.
Бұл – өте құптарлық шешім. Өйткені коронавирустан қорғанудың ең тиімді жолы – оқшаулану. Енді аудан тұрғындарынан сұрайтыным, Үндеуді қолдау білдіріп, барынша сақтық шараларын ұстанып, үйде отырса деймін.
Аудандық жұқпалы аурулар бөлімінің дәрігер-медбикелері күшейтілген режимде жұмыс жасауға көшті.
Сіздердің бізге тигізетін ең үлкен көмектеріңіз – үйде болу!
Әсел СЕЙІЛОВА
аудандық жұқпалы аурулар
бөлімнің меңгеруші
---
02 сәуір 2020 ж. 1 013 0