
Бүгінгі таңдағы құдайы астың тойдан екі ғана айырмашылығы бар. Бірі ансамбль, екінші асаба жоқ.
Әңгіменің әлқиссасын әріден бастайын. Бұл тақырып көптен бері ойда жүр еді. Көптен бері дегенде, бес-алты жылдың көлемі ғой. Пісіп, жетілмегесін қалам тартуға асықпадым. Өйткені, көпке топырақ шашу, білімі таяздықтың белгісі. Десе де, дерек пен дәйекке қаныққаннан кейін жазуға бел будым. Қауым ел...






