№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ОПМАЙ, ОПМАЙ, МЫНАЛАРЫҢ ҚАЙТЕД... ⠀ "ХИТ ТАУАР-2019".

ОПМАЙ, ОПМАЙ, МЫНАЛАРЫҢ ҚАЙТЕД... ⠀ "ХИТ ТАУАР-2019".

   Əлгі сəнгерлер бар ғой, биыл көктемде сары түс не қоңыр түсті көйлек сəнге айналады деп жыл басталмай жатып жар салатын. Содан түкірген бағасына сатылатын киім топтамаларының түптеп келгенде бəрі шүберек қой. Тек түсі өзгергені болмаса. Бұл енді қыз-келіншектердің темасы.

   Хооош. Енді еркек кіндіктілердің тақырыбына ойыссақ. Биылғы көктемнің басты құрылыс материалына: РВАННЫЙ БЛОК модаға айналады. Қазақшалап айтқанда, ТҮРЛІ-ТҮСТІ ҚАБЫРҒАЛЫҚ БЛОК сəнге айналады. Жаңақорғандық кəсіпкер Жомарт Шəуенов ауылда отырып, жаңа өнімді өндіріске енгізді. Əзірге, Сыр өңірінде алғаш болып, шлакаблоктың түрленген түсін шығаруды қолға алған Жомарт қана. Төмендегі блокты көріп тұрған шығарсыз күшті кір көтереді))). Не жасылға не қоңырға жатпайды. Нығыздалып, стандартқа сай құйылғандықтан бір данасының салмағы 20 келіні құрайды. Тұзды һəм сулы жерге төзімді.

   Қысқасы, үй қоршалайын деп, немесе госзакуптан престелген блок болуы керек деген талабы бар тендер көріп қалсаңыз Жəкеңе хабарласыңыз. Дана қазақ: "Тендер- бөліп жеңдер" деген ғой). Бəріңе жетеді. Бірің тапсырысты орындайсың, екіншіңнің кəсіптерің өрге дөңгелейді. Осылай отандық өнімге қолдау көрсетіп жіберейік.

   Қарапайым "қиярға да пиар" керек дейді ғой, парақшаларыңызға бөлісіп жіберсеңіз Жомарт ағам жомарттығын жасап, жеңілдік жасап жіберер, бəлкім.

14 қаңтар 2019 ж. 1 017 0