Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Нұралы Қиясов Денис Тенді өлтіргенін мойындады.

Нұралы Қиясов Денис Тенді өлтіргенін мойындады.

  Нұралы Қиясов Денис Тенді өлтіргенін мойындады, - деп хабарлайды https://zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап.
ÐÒ±ÑÐ°Ð»Ñ ÒиÑÑов
  "Мен өз кінәмді толықтай мойындаймын, бірақ біз алдын ала жоспарлағанымыз жоқ", - деді сотталушы Алматыда өтіп жатқан сот процесінде. 

  Нұралы Қиясов ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі 1, 4 -тармақтары ("Ұрлық") бойынша, 99-баптың 2-бөлігі 7,8-тармақтары ("Адам өлтiру") бойынша айыпталып жатыр.

  Сонымен қатар, іс бойынша Жанар Толыбаева, және Арман Құдайбергенов өтіп жатыр. Қылмыс 2018 жылы 19 шіледеде Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

  Кейінірек Құрманғазы мен Бәйсейітова көшелерінің қиылысында даңқты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің құрметіне ескерткіш орнатылатыны хабарланған еді. Сондай-ақ, оған "Халық қаhарманы" атағын беру ұсынылған болатын.

  Мемлекеттік айыптаушының мәліметінше, Денис Тен автокөлігінің әйнектерін Арман Құдайберген шешкен. Оның сыбайласы Жанар Толыбаева осы кезде автокөліктен жеті метр жерде тұрған. Денис Тен көлігінің жанында бөтен адамдарды көріп, Қудайбергеновтың артынан қуалаған. Құдайбергенов пен Тен төбелесе кеткен. Осы кезде Нұралы Қисясов сөмкеден пышақ алып шығып, Денис Теннің артынан барып екі реті сан артенриясына пышақ ұрған. 

  Айта кетейік, Сұлтан Қиясов осы істе куәгер ретінде шақырылған болатын. Алайда ол жауап беруден бас тартты. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 214-бабына сәйкес, (сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам куәнің, жәбiрленушiнің өзiнiң, жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын әшкерелейтін айғақтар беруден бас тартуға құқылы екенiн түсiндiруге мiндеттi) жауап берген жоқ. 26 жастағы Сұлтан Қиясов бауыры Денис Тенді өлтірді деп айыпталған Нұралы Қиясовтан екі жас үлкен.

  Осыған дейінгі сот тыңдалымында сотталушылардың бірінің құрбысы Жайна Ізтілеуова Денис Теннің өлімі болған күні Жанар Толыбаеваның, Нұрлан Қиясовтың және Арман Құдайбергеновтің немен айналысқанын айтып берген болатын. Ізтілеуова 19 шілдеде күндізгі уақыта Нұралы Қиясовтың бауыры Сұлтанның үйінде болғанын айтты. Сұлтан бауырын тауып, Жайнадан Жанар Толыбаеваға хабарласауын сұраған.

14 қаңтар 2019 ж. 854 0