№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

№22 (8936) 28

28 наурыз 2026 ж.

№21 (8935) 22

22 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » РЕФЕРЕНДУМҒА БЕЛСЕНДІ ҮЛЕС ҚОСҚАН АЗАМАТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

РЕФЕРЕНДУМҒА БЕЛСЕНДІ ҮЛЕС ҚОСҚАН АЗАМАТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ



Бүгін Руханият орталығында аудан әкімі Мажит Самитов республикалық референдумды жоғары деңгейде ұйымдастыруға және өткізуге белсене атсалысқан азаматтарды марапаттады.

Маңызды шарада ҚР Президентінің, ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының және облыс әкімінің Алғыс хаттары табысталды.

Салтанатты жиында аудан әкімі Мажит Самитов референдумды ұйымдастыру мен өткізу барысында жоғары жауапкершілік танытып, белсенділік көрсеткен барша азаматтарға алғысын жеткізіп, олардың ел дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті.
– Баршаңыздың бірлескен еңбектеріңіздің нәтижесінде бұл маңызды саяси науқан жоғары деңгейде өтті. Сіздердің ел болашағына деген жанашырлықтарыңыз бен азаматтық белсенділіктеріңіз – көпке үлгі. Референдумға белсене қатысып, оның табысты өтуіне үлес қосқан баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін, – деді аудан басшысы.

Сонымен қатар, жиында аудандық мәслихат төрағасы Жарқынбек Ғалымжан пен еңбек ардагері Серқожа Ыдырысов сөз сөйлеп, марапат иелеріне ізгі тілектері мен жүрекжарды лебіздерін білдірді.
01 сәуір 2026 ж. 77 0