№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Алпыстан асқан жайсаңдар,сөзге бір құлақ қойсаңдар...

Алпыстан асқан жайсаңдар,сөзге бір құлақ қойсаңдар...

   Бүгінгі күні еліміз дінге бет бұра бастады дейміз,барлық жерлерде дерлік сәулетті мешіттер бой көтеріп,оларда шама шарқынша діни уағыздардың жүріп жатқаны да  рас. Мешіт болған соң оның жамағаты да болмағы заңдылық қой.Осы жамағатқа қарап тұрсаңыз оның дені жастар екенін аңғаруға болады.


   Басқа жерлерді қайдам, біздің Жаңақорғандағы үш мешітте де жамағаттың басым көпшілігі жастар.Бұл,әрине,қуанарлық жағдай.Дей тұрғанмен жамағат құрамына қарап тұрып  біршама алаңдаушылық ойлардың да туатыны бар.Оның себебі  жамағат ішінде алпыстан асқан кісілердің аздығы.Ондай кісілер  жалпы жамағаттың  шамамен  бес,он пайыздайындай  ақ  десек шындықтан алыс кетпейтін сияқтымыз.Осы жерде Қазақстанда жүргізілген мына бір сараптама нәтижелерін келтіре кету артық болмайтын шығар деп ойлаймыз.Бұл сараптама бойынша ел халқының жасы ұлғайған сайын дінге деген салқындығы да артатыны байқалады. Мысалы:15 пен19 жас аралығындағылардың 78 пайызы,  20 мен 24 тің арасындағылардың  74 пайызы,  25 пен  27жас аралығындағылардың 70 пайызы,  30 бен 34 тің арасындағыларлың 70пайызы, 35 пен 39 жас арасындағылардың 71пайызы, 40пен 44 жастың арасындағылардың 72 пайызы өздерін мұсылманбыз деген, ал 60 тан  асқандардың 41пайызы  ғана өздерін  мұсылман қатарына жатқызыпты. Осыған қарап тұрып, неге бұлай, деген сұрақтың тууы заңды секілді.Жалпы діни сенім әр адамның жеке таңдауына байланысты екенін мойындай тұра қазіргі жасы ұлғайған кісілердің  дінге селқостығының мәнісін іздестіргенде,оның  объективті де себептері бар ау  деп ойлауға болады ау дейміз.Қазіргі алпыстан асқан кісілердің белсенді өмірі кешегі өткен Советтік  заманға  тура келді.Ол кезде тіршіліктің тәртібі басқаша болды,әсіресе,дінге деген көзқарас теріс таңбалы болды.Қоғамдағы діни ахуал аянышты еді.Сондықтан қазіргі ақсақалдық жасқа жетіп отырған ұрпақтың  басым көпшілігі  діннен бейхабар өскендігін нық сеніммен айтуға болады деп ойлаймыз.Жас шағында діни қағидалардан мақұрым өскен ұрпақтың өсе келе дінге деген немқұрайдылығы одан әрі өршіп,ол әбден қатып қалған бір әдетке айналып кететін сияқты.Қазіргі  алпыс,жетпіс,сексен жасқа жетіп отырған бірталай  қариялармен сөйлесіп көргенімізде  осыған көзіміз жете түскендей.Дін,намаз туралы әңгіме бола қалса,ол кісілердің бірталайы әңгімеден қашқақтап, « Сен ана жаққа барып келіп пе едің? Жүрегің таза болса болды емес пе?»деген сияқты адам қорқатын уәждерді алдыңа тартады,болмаса «Мен алдымен тазаланып алайын,қалғанын содан соң көрермін»деген де жауаптар болады,әйтеуір бұл тақырыпта әңгіме өрбітуге құлықсыз.Кейбіреулері  қан қысымы,қуық әлсіздігі т.б.мәселелерді көлденең тартады. Сонда не қылмақ керек?Осы бетімізбен кете береміз бе? Тірісінде маңдайы сәждеге тимеген адамның ана дүниедегі жай  күйі аса жайлы болмайтыны барша жұртқа белгілі,айтыла  айтыла әбден құлаққа сіңісті болып кеткен жағдай екені де рас,яғни діннен,о дүние туралы деректерден хабарсыз болдым деп мына заманда ешкім де айта алмайтын шығар,сірә.Мәселе жеке адамның өзіне келіп тіреліп тұрғандай ау сонда.Жылдар бойы қалыптасып,тастай боп қатып қалған әдетті өзгертуге адамның шамасы жете бермейтін секілді.Тіпті кейбір  кісілер бұл бағытта өмір бақи бір сәтке болса да ойлана алмай келе жатыр ау деген де ой келеді,кейде. Не дегенде егделікке ілінгендердің арасында дінге деген селқостық бел алып тұрғаны жалған емес сияқты.Осы арада өз басымнан өткен жағдаятпен бөліссем деймін.Менің де белсенді өмірім совет заманына тап келді.Айналадағы жұрт сияқты сол уақыттағы өмір сүру тәсілдерімен өмір сүрдік.Жаратушы жайлы,дін қағидалары жайлы естіген нәрселеріміз бізге емес,басқаларға  ғана қатысы бар секілді ойларда болдық.Сөйтіп,қаншама жылдарымызды өмірге ең қажетті нәрселерді сезіне алмай,үстірт,күнделікті қызық  шыжықтардан артыла алмай өткізген екенбіз. Абайша айтқанда алыстық,жұлыстық,сүрген өміріміздің баянсыздығын  аңғара алмай тұрыстық.Содан құдай жарылқап,Алла Тағаланың ықпалы болған шығар ,әйтеуір күндердің күнінде намазға жығылдық. Намазға тереңдеп ене бастағаннан бастап,бойдағы өзгерістерді сезіне бастадық.Намаздың Алла Тағаланың тарапынан пендесін құтқару үшін берген теңдессіз нығметі екеніне көзіміз жете бастады.Тоқ етерін айтқанда мінез құлық өзгере бастады,мысалы бұрын мақтанышпен айтып жіберетін мәселелерді айта алмай қалдық,ашуланатын жерлерде тежеле бастадық,қайсыбірін айтайын,әйтеуір намаз оқыған адамның бойында ,бұрынғыға қарағанда  өзгеріс болатыны ,оның қоғамға,адамдарға,табиғатқа деген қөзқарасы тәуір жағына қарай өзгеретіні рас.Ілгергі ғұламалардың айтып кеткен сөздеріне қарасақ: Өзіне өзі үңіле алған  адам  өзін өзі түзете алатыны, осы жолда адамға ең қажетті  көмекті  намаздың беретіні  дәлелденген шындық екен.Мен бұл жерде намаздың адамға міндетті түрде оң әсер жасайтынын айтқым келіп тұр.Діни әдебиеттерде намаздың миллиондаған адамдарға жасаған оң әсерлері туралы рауиаттар келтірілген,Сондықтан ақыл есі бүтін адамға намазға бет бұру  адам үшін ішіп жеу қандай қажеттілік болса,дәл сондай қажеттілік болып табылса керек. Өзіңе ең қатты жаны ашитын адам алдымен өзің екені ақиқат емес пе?Өмірдің өлшеулі екені де ақиқат.Осыларды салыстыра келгенде уақыт бар,мүмкіндік бар кезде намазға жығылсаң,өміріңдегі өзің үшін жасаған ең бір пайдалы әрекетің сол болар,сірә, дегіміз келеді. Бізді білетін кісілер: Ой,мұның  бұрынғыларын білеміз ғой,енді келіп білгішсіне қалыпты ғой деуі де мүмкін.Исламда басты мәселе адамның  өткенінде емес,дер кезінде райдан қайтып,тоқтала білуінде секілді.  Бұл енді көпшілікке ақыл айту емес,ағымнан жарылып, өз басымнан өткен сезімдермен бөлісу деп түсініңіздер,ағайын. Алла Тағалам: «Мен адамзат пен жындарды тек Өзіме құлшылық жасау үшін жараттым»депті ғой.Осыны мойындаған кісі ойлануы тиіс емес пе?                                            
 
Әбибулла Шер.
14 қаңтар 2019 ж. 624 0