Санамда әлі қорқыныш бар. Иә, бір немесе үш күн емес жылдап ашқұрсақ жүргенімді қалай ұмытайын? Талай парасат-пайымы биік, санасы сергек, иманжүзді қазағым опат болды ғой. Қорек іздеп төбелер мен қырқаларда қырылды. Артынша ұлттың қаймағын итжеккенге айдады. Абақтыға қамап, өлім жазасына кесті. Қырып салды....