№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Дінім– асыл қазынам

Дінім– асыл қазынам

    «Ақбаян» әйелдер қоғамдық бірлестігінің үйлестіруімен аудан көлеміндегі мектептердің бітіруші және жоғары сынып оқушыларымен «Дәстүрлі емес ағымдармен күресу-жастарға жарқын жол ашады» тақырыбында кездесу өтті.

  Облыс көлеміндегі теолог, дінтанушы мамандармен облыстық ақпараттық түсіндірме тобының мүшелері Қожахмет Кеңесбеков, Бағлан Шахан және ауданның теолог маманы Шоқан Айдаров, аудандық ішкі саясат бөлімінің әлеуметтанушы маманы Ғалымжан Сарсеновтермен кездесті.
  Насихаттық топ Сунақата, Төменарық, Сүттіқұдық, Қыраш, Бірлік, Ақүйік, Шалқия, Манап, Бесарық, Қандөз, Келінтөбе, Аққорған, Қожакент, Өзгент, Жаңарық елді мекендеріндегі мектептерде, сондай-ақ кент орталығындағы №163 мектеп, агроколледж студенттері арасында болып, діни сауаттылықты ашу және дәстүрлі дініміз жайлы құнды ой-пікірлерін ортаға салды. Дінтанушы маман Шоқан Айдаров аймақтағы діни ахуал жөнінде фактілер мен салыстырмалы мысалдарды келтірсе, әлеуметтік желілерді сауатты әрі дұрыс пайдалану жайлы Ғалымжан Сәрсенов нақты статистикаға тоқталды. Кездесуде оқушылардың сұрақтарына тұшымды жауап берген мамандар көкейіндегі көптеген түйіткілдерді тарқатты. Қатысушылар алдағы уақыттарда осындай шаралардың жиірек болуын сұрап, жылы лебіздері мен тілектерін бөлісті.
Күлан Абилтанова,

«Ақбаян» әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы.
01 маусым 2019 ж. 805 0