Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақтың ары қалғып кетпесін деп...

Қазақтың ары қалғып кетпесін деп...

  Тоқсаныншы жылдардан кейінгі тоқырау кезеңі. Қазақтелефильмде қаржы жоқ. Кино тоқтап тұр. Төрт баланың қамын жеп әдеттегідей жерлес досы Абдуллаев Әлжанға келді. Ол онсызда қарасып, қол ұшын созып жүрген азамат еді. Бұл жолы қаржы емес, бір жәшік темекі берді. "Сат, үстіндегіні өзің көр". Сөйтіп темекі сатты. Бір аптада үш айлық жалақысын тапты. «Плодоконсервныйдың» астында сауда жасап тұрған оны көрген директоры Мұса Рахманбердиевтің үйіне барып, бес мың рубльды алып, қолына ұстатты. «Айналайын, мына кәсібіңді таста».

«Ойбай-ау, неге тоқтаттыңыз, енді бір айда машина мінемін».
«Мұның дұрыс қой. Бірақ қазақтың мұңын кім жоқтайды? Кім жақсы фильм түсіреді?"
Қалилаға өзінің төл кәсібі – кино өнерінен қол үзуге рұқсат жоқ екен. Өйткені Қалила сияқтылар көп емес, олар қазақтың ары қалғып кетпеуі үшін әлі де қажет екен.
Ол бүгін де рухани сала биігінде жүр. Туған жер көңілінің бір түкпірінде. «Туған өлкеге тағзым» экспедициясын жасап, Жаңақорғандағы тарихи орындарды таспаға түсірді. Айқожа ишан, Хиссамеддин Сығанақи туралы жергілікті драмматург Дінмұхаммед Әбжаппаровпен спектакль дайындап, сахнаға шығарды. Енді Көкен батыр туралы жазба дайын тұр. Тек мұны сахнада қою мәселесінде мемлекеттік тұрғыдан да, жеке азаматтар тарапынан да демеушілік қолдау қажет.
Бұл дүниелер рулық емес, ұлттық мүдде тұрғысынан көзқарасты қажет етеді. Өйткені осы тұлғаларды дәріптеу арқылы халықтың, ұлттың тарихы қайта тіріледі деген сөз.
Көкіректе әлде де арман көп. Бір өкініші, ағалары, қазақтың нар тұлғалары саналар Исатай Әбдікәрімов пен Сейілбек Шаухамановтың тұлғалық қадір-қасиетін ұлықтайтын дүние жасап үлгермегені.
Қуанышы – төрт бірдей перзенті де өз жолын қуған өнер адамдары. Қуанышы да, Мұхтары да, Сәулесі де, Айшасы да. Өнер адамдары ешқашан өзі үшін өмір сүрген емес. Бәлкім, Қалиланың дара жолы осы шығар?!

Б.АЛАУДИНҚЫЗЫ.
01 маусым 2019 ж. 886 0