№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жазда бет терісіне қалай күтім жасау керек?

Жазда бет терісіне қалай күтім жасау керек?


  1. Балшықпен маска жасау .
Жаздың ыстығында терісі майлы қыздардың беті жылтырап, майланып  тұратыны жасырын емес. Ал оны болдырмау үшін бет терісіне ақ, жасыл және көкшіл балшықтан маска жасау керек. Бұлар майды жақсы сіңіріп, терідегі ұсақ тесіктерді тазалайды. Бастысы, балшықтан жасалған маскамен 20 минуттан астам уақыт отырмау керектігін естен шығармаңыз. Әйтпесе, бет терісі тым құрғап, жарылып кетеді. Масканы аптасына бір рет жасау да жеткілікті.
  1. Макияжды азайтыңыз
Тональді кремді баттастырып жағуды ұмытыңыз. Оның орнына ВВ немес СС кремдерді қолданыңыз. Олар теріге жеңіл, әрі жағылуы да оңай. Сондай-ақ жаз маусымында жасалатын жеңіл макияжға жақсы. Ал ерінге далап жаққанша, гигиеналық бальзам жаққаныңыз жөн. Жазда макияжды мейлінше аз жасаған жөн.
  1. Табиғат сыйын көбірек пайдаланыңыз
 Жеміс-жидектер мен көкөністер – дәрумендер қоры екенін естен шығармаңыз. Таңертең де, түсте, кешке де көк-сөктен ауызыңыз құрғамаса, оның еш зияны жоқ. Жаңа піскен жеміс-жидектер ағзаны улы токсиндерден тазалап, теріге өң береді. Жеміс-жидек пен көкөністерді жеп қана қоймай, косметика ретінде де қолданыңыз, олардан түрлі маска жасауға болады. Мысалы, шабдалы теріні тыныштандыратын қасиетке ие болса, баялды мен кәді теріні жақсы ылғалдандырады, сәбіз безеуді, ал құлпынай қара дақтарды кетіреді.
  1. Суды молынан ішіңіз
Ыстықта теріге бәрінен бұрын көп мөлшерде су керек. Күнделікті 1,5 литрден артық су ішкен жөн. Қарапайым су мен сұйықтықтың айырмасы бар екенін есте ұстаңыз. Шай, сорпа, шырындар мен коктейл су емес, сұйықтық. Ішкен суыңыздың мөлшерін санағанда бұларды қоспаңыз. Сондай-ақ беті-қолыңызды жуғанда орамалмен сүртінудің де аса қажеті жоқ. Теріге су өзі-ақ сіңіп кетеді.
  1. Теріңізді  сергітіңіз
Ыстық күнде теріні сергітіп отырудың жөні бөлек. Ал мұндайда тоңазытқышта алдын ала қатырып қойған мұздың көмегі көп. Тоңазытқыштың мұз қатыратын ыдысына минералды судан немесе шөп тұнбаларынан, көк шайдан құйып, мұз қатырып қойыңыз. Онымен таңертең, кешке бетті сүрт
02 маусым 2019 ж. 1 720 0