Елдіктің арқауы
ХХ ғасырда ұлтты өрге сүйрейтін біршоғыр қайраткер тұлғалар шықты. Солардың ішінде мемлекет және қоғам қайраткері Серіқұл Алдабергенов те бар. 31 мамыр ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде тарихи тұлғаға арналып салынған ескерткіш (өзі тұрған үй) басына жиналып, тұлғаның тағылымды ғұмырын еске алып, рухына Құран бағышталды.
Мәдени шараны ашып беру үшін сөз алған ауыл әкімі Нұрғали Оспанов:
– Тұңғыш Президенттің «Рухани жаңғыру» мақаласы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының түпкі идеясы туған жерді сүю, жергілікті жерден шыққан тарихи тұлғаларды ұлықтауға үндейді. Міне, сондай нағыз құрметке ие тау тұлғалы отаншыл рухты азаматтың бірі Серіқұл Алдабергенов болатын. Ол Кеңес үкіметінің қатыгез саясатының құрбаны болып, рухани жан азабын кешкен, өз жерінен қуылып, тауқыметті тұрмыс кешкен қайраткер рухын біздер бүгінгі ұрпақ қадірлеуге, қастерлеуге тиіспіз. – деді.
Мұнан кейін зұлмат жылдары жантүршігерлік қуғынның құрбаны болып, Красноярск уезінде қаза болған алаш қайраткері туралы естеліктерден Болатбек Медетбеков сыр шертті. Ал, баба рухының ұмытылмауы үшін елеулі еңбек етіп жүрген ұрпағы Хасен Райымбеков Айдархан Бибасаров жазған «Бәйтеректің қос бұтағы» кітабынан үзінді оқыды. Естелікте репрессия құрбанының бастан өткен қайғысы баяндалған.
Келесі кезекте №193 орта мектептің жас өрендері жыр жауһарынан сыр шертіп, сай-сүйекті шымырлатты. Тарих пәнінің мұғалімі Ғафур Нарбек «Ерлігі ел есінде» атты баяндама оқыды.
Сондай-ақ, тұлғаның мәдени ескерткіші жөніндегі мәселені облыстық басшылардың назарына салып, бұзылмауына атсалысқан ел ағасы Алшынбай Тұртанов пен ауыл ақсақалы Сматулла Бекназаров жылы лебізін ақтарды. Ұлтжанды азаматтардың еңбегінің арқасында, Серіқұл Алдабергеновтың ескерткіші облыстық тарихи және мәдени мұралар тізіміне енгізіліпті.
Иә, ерлік рухы ел жадынан өшпек емес. Елдің егемендігі үшін еңбек етіп, жанын пида еткен қуғынның құрбанын байкенжеліктер дәстүрлі түрде сағынышпен, құрметпен еске ала бермек.
Балаларға базарлық
1 Маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай байкенжелік балаларға базарлық табысталды. Ауыл әкімі Нұрғали Оспановтың сұранысымен «Қызылқұм» ЖШС кеніш директорының орынбасары Орынбасар Қалмырзаұлы мүмкіндігі шектеулі балаларға сый-сыяпаттар мен қаржылай көмек көрсетті.
– Бала – біздің байлығымыз. Балаларды қорғап, оларға тиісті көмек көрсете білу аға буынның міндеті. Осы орайда, бала жүзіне кішкентай болса да қуаныш сыйлау игі амалдан екенін жеткізгім келеді. Жыл сайынғы дәстүрге сай компания атынан қажетті сыйлықтарды алып келдік. Лайым, тәуелсіздіктің ұрпақтары жасасын! Балалардың дені сау, болашағы берік болсын, – деді Орынбасар Қалмырзаұлы.
Әрі қарай салтанатты шара «Еркеназ» бөбекжайында ерекше қойылыммен жалғасын тапты. Мерекелік шараның мазмұнды өтуіне ықпал еткен әлеуметтік қызметкер Айсұлу Қалдыбаева игі тілегін жеткізіп, төл мерекемен құттықтады. Соңынан, балабақша меңгерушісі Сандуғаш Егізбаева балдан тәтті балаларға тәттілер үлестіріп, бүлдіршіндердің қуанышына жол ашты.
Айта кететіні, бұл күні компания атынан туа бітті сал ауруына ұшыраған Әлішер Есіркепке мүгедектер арбасын тарту етілсе, Ғалымжан Айбар велосипедке ие болды. Ал, Нұрасыл Оралға қажетті ота жасату үшін 100 000 мың теңге көлемінде көмек көрсетті. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі бес бала 25 мыңнан және Мелденовтер отбасында туылған үшемнің анасына 75 мың теңге қаржылай сыйлықтар табысталды.
Қорыта айтқанда, қашанда қайырымдылықтан қалыс қалмайтын Байкенже ауылы бұл жолы да мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамға араласуына ықпал етті. Моральды-материалды көмек қолын созу арқылы балаларға жүрек жылуын сыйлап, аялы алақанды сезіндірді.
Ханзада ТӨРЕХАН.