БІЛІМ – ШЫРАҚ
Жаңарық ауылдық округіндегі №167 мектеп аласапыран заманда негізі қаланды. Иә, кешегі қуғын-сүргін уақытында бой көтерген білім ордасы жастарға саналы білім, тәлімді тәрбие берудің дәстүрі қалыптасты. Онда әр жылдары мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен ағартушылыр қанат қақты. Мектептің кешегі тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігі жайлы сөз етсек...
Алдымен мектептің қысқаша тарихына тоқталсақ. 1930 жылдың тамызда айында «Жалпыға бірдей міндетті бастауыш оқу туралы» заңы қабылданды. Осыған сәйкес жаңадан құрылған колхоздарда бастауыш мектептер ашыла бастады. Ол кезде мектептер «қызыл отау», «қызыл бұрыш» және «киіз үйлер» болды. Осындай мектеп Жаңарықта да ашылды.
1931 жылы Байдүйсен Досымов есімді азамат «Жаңарық» мектебінің іргетасын қалайды. Мектеп үйінің кіре берісі шығыс үлгісінде салынғандықтан, "мешітке ұқсатып салған" деген жаламен Досымовты ұстатып жібереді. Ұрпақ үшін қызмет еткен ұстаз содан бері елге оралмайды.
– «Жаңарық» мектебінің алғашқы үйі қырда Сарсенбай тамы (Шора тамы) деген жерде салынған. 1932 жылдан бастап «Жаңарық» бастауыш мектебінде 1932-1933 оқу жылында 1-4 сынып арасында 27 оқушы оқып, 4 мұғалім еңбек еткен. Мектептің алғашқы ұстазы Әбдікәрім Оспанов болса, Әлтай Аймағанбетов «Жаңарық» бастауыш мектебінің тұңғыш басшысы болды. Ол 1938 жылға дейін қызмет етті. Мектеп 1938-1939 оқу жылында жеті жылдыққа айналған кезде алғашқы директор Ж.Төрениязов болды. Міне, осылай іргетасы қаланған қара шаңырақта бүгінде 451 оқушыға 72 мұғалім дәріс беруде, – деді мектеп директоры Күлжан Айменова.
1941-1942 жылында мектеп үйі қырдағы Сәрсенбай тамынан (Шора тамы), Сыр бойындағы Шөкей тамына көшіп келген. Соғыс жылдарында, яғни 1942 жылы «Жаңарық» колхозының Төменарыққа көшуіне байланысты мектеп қайтадан бастауыш мектепке айналып, оған «Жаңарық», «Кеңесарық» және «Полиотдел» колхозының балалары қатынап оқыған. Жалпы, мектеп тарихы тұнып тұрған шежіре.
Біз жоғарыда айтып өткендей, бұл мектепте Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен майдангерлер, тыл және еңбек ардагерлері оқыды. Одан бөлек, бүгінде ел танитын тұлғалардың ішінде елуінші жылдардың бірінші жартысында облыстың басшысы болған Сейілбек Шаухаманов, кеңшар директоры Ерсұлтан Тұрсынбаев, бірнеше облыстың әкімі болған, қазіргі таңда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің министрі Бердібек Сапарбаев тәлім алған. Осыдан-ақ, мектептің өткенінен өнеге қалғанын аңғару қиын емес.
Енді мектептің бүгінгі кескін-келбетімен танысына тоқталсақ. ҰБТ көрсеткіші бойынша жақсы нәтиже көрсете алатын білім ошағы кейінгі кездері ғылыми жоба, әскери патриоттық сабақ және ақындық өнерден аудан мектептерінің алдынан табылып жүр. Озық тәжірибелерін өзгелерге үйретіп, шығармашылықпен еңбек етіп жүрген мектептегі 16 мұғалім жоғары, 30 мұғалім І-ші санатты және 26 мұғалім ІІ-ші санатты. Сондай-ақ, ұстаздар категориялардың жаңа кестесіне сай педагог-зерттеуші мұғалімдер саны – 3, педагог-сарапшы мұғалімдер саны – 12,педагог-модератор саны – 17.
– Ұстазға қойылатын талап пен тілек қашан да ортақ. Ол – білімділік, имандылық, парасаттылық. Жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік, негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі. Өз халқының әдет-ғұрпын, тарихын жақсы білетін, жаңалыққа жаны құмар, оқушылардың шығармашылықтарын дамытып отыратын ізденіс үстіндегі ұстаздар керек. Осы орайда мектебімізге жаңа оқу жылында келсе де, өзінің ізденімпаздығы мен білімділігінің арқасында жетістікке жеткен жас маман, математика пәнінің мұғалімі Ақниет Ераханды атағым келеді. Ақниетттің шәкірті, 6 сынып оқушысы Сабина Ерболатқызы 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары «Зерде» республикалық конкурсынан аудандық және облыстық кезеңдерінен 1 орын иеленіп, республикалық кезеңде жүлделі 3 орынды жеңіп алды. Міне, бұл алдыңғы буынның берген тәрбиесі, солардан қалған із деуге болады, – деді мектеп басшысы.
Расында, бүгінде мектептегі еңбек өтілі бірнеше жыл болған ұлағатты ұстаздардың жеткен жетістіктері бір төбе. Облыс, республикалық байқауларда көштің үздіктер қатарынан көрінетін ұстаз бен шәкірт бағындырған белесі аз емес. 2018-2019 оқу жылының өзінде оқушылар облыстық жарыстар, олимпиадалар мен байқауларда толайым табыстарға қол жеткізді. Мәселен, оқушылар арасында Қызылорда облыстық шахмат турнирінде Қалсұлу Абжаппарекінші, қалған шәкірттер үздік үштікпен оралды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінен физика пәнінен 3 орынды жеңіп алды. Ардақ Камакова, Ақбота Рысбаева, Гүлназ Шайдарова және т.б. мұғалімдердің жеткен жетістіктері өте көп.
– «Ұстаздық қызмет ұлықтық қызмет емес, ұлылық қызмет. Ұлықтық қызмет емес болатыны, оның қолында біреуді жарылқарлықтай билік жоқ. Ал, ұлық қызмет болатыны, ғалым да, ғарышкер де,ақын-жазушы да, малшы-егінші де,дәрігер де-бәрі де осы ұстаздар қауымы алдында бас иеміз» деген екен Бауыржан Момышұлы. Ендеше ақыл таразысына салып безбендер болсақ-ұстаздар,оның еңбегінен өткен ұлылық жоқ. Өзім осы білім ордасында 30 жылдай еңбек етіп, зейнеткерлікке шықтым. Кешегі тоқсаныншы жылдардағы тоқырау кезінде де мектеп білім бәсекесінде беделді болды. Ал, енді аудандағы алдыңғы қатарлы білім ордасына айналды. Сондықтан, ізімнен еріп келе жатқан жастарға табыс тілеймін, – деді Ақжайқын апай.
Бәсекеге қабылетті болу үшін дамудың жолын іздеген ұтады емес пе! Мектепте лабораториямен бірге соңғы үлгімен жабдықталған химия, биология, физика кабинеттері, интерактивті тақтамен жабдықталған сынып бөлмесі, ақпараттық теңсіздікті төмендету, мультимедия, информатика кабинеттерінде компьютер және ноутбуктар ғаламтор желісіне қосылып, мұғалімдер мен оқушылар үшін қажетті мәліметтерге дер кезінде қол жеткізуге мүмкіндіктер жасалған. Мектеп толығымен «Күнделік» электронды жүйесіне қосылып, ол үшін планшет жұмыс жасап тұр.
Иә, білім ошағының тағы бір артықшылығы жаттанды білімге қарағанда, негізді, дәлелді ілімге мән береді. Сондықтан, шәкірттер ғылыми жобалар, дөңгелек үстел кезінде ойларын бүкпесіз айтып, идеяларын ұсына алады.
Ақниет МӘДІХАНОВА.