№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БӘСЕКЕ БӘСІ – САПАЛЫ БІЛІМДЕ

БӘСЕКЕ БӘСІ – САПАЛЫ БІЛІМДЕ


1 қыркүйек – Білім күніне орай Жаңақорғанда екі жаңа мектептің құрылысы бітіп, пайдалануға берілді. Соның бірі – Түгіскен елді мекенінде орналасқан 300 орындық №256 орта мектебі. Аталған білім беру мекемесінің алғашқы қоңырау салтанатын ашу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов пен аудан әкімі Ғалым Әміреев қатысты.
– Мемлекет басшысының жергілікті атқарушы билікке әлеуметтік үш міндетті жоюды тапсырған-ды. Облыс әкімінің іскерлік қабілет-қарымының арқасында үш ауысымдық мектептер мәселесі шешілді. Екіншіден, апаттық жағдайдағы мектептер кезең-кезеңімен жаңалануда. Үшіншіден, «Балапан» бағдарламасы аясында 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамтуды мерзімінен бұрын орындалды. Бұл – әлеуметтік бағдарланған мемлекет ретінде жастарға саналы білім, тәлімді тәрбие беру бағытында жасалған жұмыстар.
Нарықтық экономиканың талабы – бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Ол үшін жастар білімге ден қойып, ақпараттық ғасырда жылдам өзгеретін үрдістерге тез бейімделе алуы қажет-ақ. Бүгінде көптеген мамандықтар қажеттілігін тоқтатуда. Осындай жағдайда біздің жас­тар тез мамандығын ауыстыруға, жедел шешім қабылдауға және қажетті білімді бойына жинауға дайын болуы керек. Ал, осындай кезеңде жас ұрпақ заманауи талаптарға сай келетін білім ошақтарында білім алуы шарт... – деді алғы сөзінде Руслан Рүстемұлы.
Одан кейін Аққорған ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Алтынсарин» медалінің иесі Ермағамбет Құлымбетов сөз алып, соңғы екі жылда үш әлеуметтік нысан бой көтергенін, мұндай қамқорлық түгіскендіктерді жұмыста шабыттандыратынын айтты.
– «Қос тойың қабат болсын, екі дүниең абат болсын» демекші, Білім күні жаңа мектептің тұсауы кесілді.
Заманауи білім нысанында оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасалған. Ендеше, мектектен ХХІ ғасырдың бәсекесіне қабілетті азаматтар көптеп шығуына тілектестік білдіремін, – деді ардагер ұстаз.
Мектеп лентасы қиылғаннан кейін Руслан Рүстемов бастаған топ асхананы көрді. Мектеп директоры Фарида Ниязова бұған дейінгі асар әдісімен салынған мектепте асхананы кабинеттен ыңғайластырылғанын, жаңа мектептің асханасы 80 орындық екенін, онда 45 бала тамақтанатынын жеткізді.
Сосын спорт залға барды. Өңір басшысының орынбасары Мереке Құдайбергенова, Гүлжан Жұманова, Алдаберген Нұрберген, Мамыт Наурызбек сынды белгілі спортшылардың ізін басатын жастарға сәттілік тіледі. Мәжіліс залында оқушылардың өнерін тамашалауды да ұмыт қалдырмады.
Кітапхана білімнің қазынасы болғандықтан меймандар кітап қоры сақталған кабинетке де соқты. Кітапханашы Гүлжауһар Бекхожаева 9272 дана кітап қоры барын, оның 914-і әдеби оқулықтар екенін жеткізді.
– Кітаппен толық қамтамасыз етілдіңіздер ме? – деді облыс басшысының орынбасары.
– Бізде 8214 пәндік оқулық бар. Бұл – оқушыларды кітаппен қамтамыз етуге толық жетеді, – деп жауап қатты кітапханашы.
– Жаңартылған бағдарлама бойынша оқытылатын кітаптармен ше?
– Өткен жылы 5, 7 сыныпқа келген-тұғын. Биыл 3, 6, 8 сынып оқушыларына жаңа оқулықтар берілді.
Сондай-ақ, меймандар технология кабинетіне тұрақтады. Технолог Күләш Көкенова тігін үйірмесінде 15 оқушы тұрақты қатысатынын, қыздар сәндік қолтаңбалы өнер, киіз басу, кесте тігуді меңгергенін айтты.
Қыздар шеберханасында алты тігін машинасы қойылыпты. Онда мектеп қажеттілігіне қарай киім тігуге мүмкіндік бар. Яғни, түрлі рухани-мәдени іс-шараға керек киім-кешекті өздері тігетін болады.
Жаңадан бой көтерген үшқабатты ғимаратта физика, химия және биология зертханалық кабинеті және мультимедиялық, компьютерлік, лингафон кабинеті, кітапхана, спорт зал мен асханасы бар. Бұған дейін 150 орынға ыңғайластырылған мектепте мұндай мүмкіндіктер болған жоқ еді.
– Соңғы жылдары Қызылорда облысы республика бойынша әлеуметтік салаға көп қаржы бөлетін аймақтардың көшін бастап келеді. Бұл жұмыстардың нәтижесі де жоқ емес. ҰБТ қорытындысы бойынша Сыр өңірі үздіктер қатарында. Мыңдаған қызылордалық талапкер облыс әкімі гранттарын иеленуде Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы келісімге сәйкес Мәскеу, Санкт-Петербургтың маңдайалды жоғары оқу орындарында тегін білім алуда. Жоғары және арнайы оқу орындарына бөлінетін «Серпін» бағдарламасымен де қызылордалық жастар білім алуда. Біздің ауданда мектептер көптеп салынуда. Мәселен, 2000-2010 жылдар аралығында 10 мектеп, 2010-2018 жылдар аралығында ауданда 16 мектеп жаңадан пайдалануға берілді, – деді аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Ибрагимов.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
04 қыркүйек 2018 ж. 1 236 2

Гость Jeahulalf от 18 ақпан 2019 01:43
Amoxicillin Interaction Viagra Avodart 0.5 Mg Buy Whats Does Keflex Do generic viagra Find Dutasteride

Гость Jeahulalf от 9 наурыз 2019 01:19
Precio Cialis Andorra viagra Amoxicillin 500 Mg Side Effects Propecia Low Price 1 Mg Cialis Original Generico