№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Еңбегінен ел таныр

Еңбегінен ел таныр

Халық айтса, қалт айтпайды. Әрбір істің өз берекесі бар. Сол берекені өз еңбегімен тауып, мерекелі өмірде күн кешіп, аудан әлеуетінің дамуына өз үлесін қосып отырған азаматтар бар. Соның бірі өз үйін кәуап дайындайтын шағын орталыққа айналдырған Мұхаммеджан Нұртазаұлы.


Кәуәп дайындауды меңгерген Мұхам­ымеджанның құжырасын жұрт «Мұқаштың кәуабы» ретінде жақсы таниды. Бастапқыда шағын дүкен ретінде ашылған орталық, кейін келе аумағын кеңейтіп, кәуәп түрлерінің санын да арттырады. «Кәсіп түбі – нәсіп» деп, осылайша білекті сыбанып, іске кіріскен Мұқаш ағаның дәмді әрі арзан кәуәбына сұраныс жоғары. Кейде тапсырыстарға үлгерудің өзі қиын екенін айтады.
– Отыз жылға жуық шағын бизнес саласында еңбек еттім. Өзгенің кәсібәін жандандыруға үлес қостым. Сосын иол тәжірибемді жеке бизнесімді дамытуға қолдандым. Бастапқыда қиынға соқты, дегенмен пайдасы мол кәсіп түрі болғандықтан, орналасқан жерінің қолайлылығынан, дәмді және буы бұрқұраған кәуапханамызға келушілердің саны артты, – дейді Мұхамеджан Мырзах­метов.
Иә, қай салада кәсіп ашсаң да, бастысы сол саланы жетік меңгеріп, шама келгенше нарықтан өз орныңды табу. Кез келген маркетингтің негізі - сапалы өнім болса, бизнесінің басты қағидасын осылайша ұстанған Мұқаш ағаның кәуапханасына басында 20-30 адам келсе, осы күні 40-50 адамға қызмет көрсетеді. Ондағы мәзірде дәмді кәуаптардан басқа да тағам түрлері бар. Орталықта бір тал кәуаптың бағасы 350-400 теңге. Айта кететіні қабырғадан жасалатын кәуап түрі ауданда осы кісінің орталығында ғана, басқа еш жерден кездестірмейсіз.
Дәмхананың тұрақты келушілері де баршылық. Солардың бірі Ғабит Рүстемов: Дәмі тіл үйіретін кәуаптың дәмі дәмі тіл үйіреді. Сервисі де жақсы.Қаншама кәуап дайындайтын орталықтар бар ғой, бірақ осы жер өзіме ерекше ұнайды. Кейде отбасыммен арнайы келіп тұрамыз. Бағасы да көңілге қонымды, – дейді.
«Мұқаштың кәуаптары» деп алыстан менмұндалап өзіне хош иісімен тартып тұратын кәуапханада қойдың, сиырдың, тауықтың еттерінен жасалатын дәмнің 7-8 түрі дайындалады. Келушілердің көңілінен шығу үшін мұнда тұрақты түрде төрт адам жұмыспен қамтылған. Күніне 180-200-ге жуық кәуап түрлері дайындалатын дәмханаға келе қалсаңыз тапсырысыңыз небәрі 15 минутта алдыңызға келеді.
Айта кететіні, мұнда бір күнде 20 келі қой еті, 10-15 келі сиыр еті, 25 келіге жуық тауық еті және осы жобада қой қабырғасы жұмсалады екен. Күніне кететін кәуаптан түсетін қаржының 30 пайызы таза табыс көрінеді. Өйткені, ірі-қараның еті өздерінен болғандықтан, етті сатып алмайды, сол себепті болар, нарықта ет бағасы көтерілсе де, ондағы кәуап бағасы сол қалпынша...

ТҮЙІН. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында табыс табуда үй жағдайында істің көзін тапқан Мұхамеджан Нұртаза­ұлының ісі көпке үлгі болатыны анық. Біз кәсіпкердің кәсіби саласын бағамдай келе, өз маманының шыңын бағындырған еңбекқорлық қабілетін аңғардық. «Ер дәулеті – еңбек» деген сөз біздің кейіпкерге арналып айтылғандай.

Лаура БИБАСАРОВА
























08 маусым 2019 ж. 2 740 0