№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » СҰЛУЛЫҚ САЛОНЫ АШЫЛДЫ

СҰЛУЛЫҚ САЛОНЫ АШЫЛДЫ


Елбасы «Бес әлеуметтік бастама» атты халыққа үндеуінде «Шағын несие беруді көбейтуге» тоқталып, жұмыссыздардың санын азайту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін несие беруді қолдап, сол жолда жүйелі жұмыс істеу керектігін атап өтті. Осы тұста, аудан тұрғындары кәсібін дөңгелетіп, өздерін жұмыспен қамтуда. Оған жуырда орталықтан заманауи үлгіде ашылған «Lady-Қамар-Анар» сұлулық салонының лентасы қиылғаны дәлел.
Салтанатты шараны аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов құттықтау сөзбен ашып, сұлулық үйінің лентасын қиды.
– Бүгінде Елбасының тапсырмасымен шағын және орта бизнеске мемлекет тарапынан көп мүмкіндік қарастырылған. Соның арқасында ауданда көптеген кәсіпкер өз ісін ашап, өздерімен қатар өзгені де жұмыспен қамтып отыр. Бұл – игі бастама. Алдағы уақытта да кәсібін ашқысы келетін азаматтар көбейіп, ел экономикасының дамуына үлесін қоса береді деген сенімдемін, – деді бөлім басшысы.
Одан әрі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің бас маманы Диас Файзуллаев пен ардагер ұстаз Шолпан Мәжитова кәсіп иелеріне ыстық ықыласын жеткізіп, бастамасына сәттілік тіледі.
Орталықтағы ескі ғимаратты жаңа заманға сай әрлеп, бүгінгі күннің сұранысына жауап беретін сұлулық салонын Қамар Шерімбетова ашқан. Ол осыған дейін Байқоңыр қаласында 20 жылға жуық осы салада ісін өрбітіп, оны туған жерде де жалғастыруды жөн көріпті.
– Негізі, мамандығым заңгер. Бастапқыда Байқоңыр қаласында банкте жұмыс жасадым. Бірақ, осы салаға қызығушылығым артып шаш әрлеудің қыр-сырын үйреніп, 2003 жылы сол жақтан сұлулық салонын аштым. Ол жақта 8 дамады жұмыспен қамтып отырмын. Сол кәсібімді осы жақта да түлетсем деймін. Әзірге үш адамды жұмыспен қамтып отырмын. Алдағы уақытта олардың да саны артарына сенім мол, – дейді Қамар Өтебекқызы.
Кәсіпкер аудандағы кәсібін өрлету үшін аудан әкімінң көмегімен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорынан 6 пайызбен 3 млн. теңге несие алған. Алдағы уақытта осы жобасын одан әрі кеңейтіп, қыз-келіншектерге бет әрлеу мен шаш қырқуды оқытуды жоспарлауда.
– Мүмкіндік болса шәкірт тәрбиелейтін оқыту орталығын ашу жоспарда бар. Өйткені, біздің білгенімізді жастардың үйреніп, оны одан әрі дамытуы керек. Мәселен, Байқоңыр қаласында сұлулық салондарының арасында түрлі конкурстар ұйымдастырылып, үздіктері шет елге дейін тәжірибе алмасуға барып келеді. Біздің ауданда да осындай мүмкіндіктер пайда болса нұр үстіне нұр болар еді, – дейді нәзік жанды кәсіпкер.

Түйін. Иә, «Еңбегіне қарай өнбегі» демекші, еңбекқұмарлығы мен табандылығының арқасында туған жерге қайта орлып, кәсібінен нәсібін көруді көздеген кейіпкеріміздің бұл ісі көпке үлгі болары сөзсіз.

Айсұлу АЛДАНАЗАР.
27 маусым 2018 ж. 4 311 0