№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҰСТАЗ МӘРТЕБЕСІ ҚАЙТСЕ АРТАДЫ?

ҰСТАЗ МӘРТЕБЕСІ ҚАЙТСЕ АРТАДЫ?

Ұстаз – мемлекеттің өркениетті даму саясатының мектептегі насихатшысы. Ол өзінің ісімен де, сөзімен де, мектепке және мектептен тыс қоғамда Тәуелсіз елдің эталондық бейнесі болып табылады.

Осы тұста, мемлекет дамуында ғылым мен білімнің орны айрықша. Тәуелсіз елді озық өркениетке жетелейтін білімнің бастау бұлағында мектеп, ал сол білім ордасында жас буын бойына білім нәрін беретін мұғалім тұрады. Бүгінгі таңда ұстаз беделін арттыру, оның мәртебесін көтеру өзекті мәселе екендігі айқын. Президент Жолдауында «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау керектігін айрықша атап өтті. Стратегиялық құжатта педагог мәртебесін көтермей білім саласында жетістікке үміт арту қиын. Сондықтанда мұғалім мәртебесін арттыру – адам капиталын құрметтеуге бағытталған ұтымды шешім. Ұлағатты ұстаздарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, заң әзірленуі – қуанышты жаңалық. Себебі, «Алты алаштың баласы бас қосса, төр мұғалімідікі» деген бар. Бұл Мағжан Жұмабаевтың айтқаны. Ұстаз болу үлкен мәртебе. Бұл қызмет қарапайым көрін­генімен адам өміріндегі, жалпы тарихтағы ең ұлы істің бірі болып қала береді.
Әсіресе, мұғалімдер мәртебесін айқын­дайтын Заңда бірқатар мәселелер оңынан шешілсе дейміз. Мәселен, мұғалімдерді әлеуметтік жағынан қорғау осы жаңадан қабылданатын заңда көрініс беріп қана қоймай, сонымен бірге іс жүзінде жұмыс істеп, ұстазға қорғаныш болатын құрал ретінде қызмет етсе. Елбасы Жолдауында айтылғандай, мұғалімдерді басы артық жұмыстардан босатып, таза білім беруге, өзін шығармашылық тұрғысынан дамытуға уақытын арнаса. Оған қоса, Заң жобасы дайындауды шетелдік тәжірибелерде електен өткізіліп, керегімізге жаратсақ деген ұсыныс бар. Мәселен, шетелдік мектептерде мұғалімнің қосымша атқарған еңбегі бағаланып, оған қосымша қаржы төленеді. Яғни, ұлағатты ұстаздың еңбегі жеткілікті деңгейде бағаланып, материалдық тұрғыдан ынталандырылса, маман стимул үшін де, абырой үшін де талай тындырымды істерді жасайтыны айдан анық. Сондай-ақ еңбек өтілі жоғары ұстаздардың зейнеткерлік жасқа ерте шығуына мүмкіндік жасалса деген тілек бар. Биыл қабылданғалы жатқан «Педагог мәртебесі» Заңының жобасында 30 жылдық еңбек өтілімен зейнеткерлікке шығу қарастырылып жатыр екен. Бұл да құптарлық дүние. Өзім 50 жылға жуық еңбек өтілімен зейнеткерлікке шықтым. Оған қоса, жалақыны көбейту жайын да назардан тыс қалдырмаса екен. Бір сөзбен айтқанда, әлеуетті болу үшін әлеуметтік жағдайы жан-жақты шешімін тапса игі. Мемлекет қолдауы күшейсе, мұғалімдікке бет алушы буынның қатары да артады.
Әрине, ұстаздар қауымына да белгілі дең­гейде жауапкершілік артады. Бүгінгі таңда мұғалімдердің тек қана сабақ беріп, лекция оқумен шектелуі шәкіртті қанағаттандыра алмайды. Ұстаз өзінің ұйымдастырушылық қабілетімен қоса сол ортада көшбасшы бола білуі керек. Қоғамды соңынан ертуге қауқарлы, ісіне берік әрі тиянақты болғаны құптарлық.

Абузайыр АБЖАППАРОВ,
білім саласының ардагері,
Кейден ауылы.

30 наурыз 2019 ж. 1 717 0