№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » 5G әлемді қалай өзгертеді?

5G әлемді қалай өзгертеді?


Қазір аса жоғары жылдамдықты интернетсіз өркениет көшіне ілесу мүмкін емес. Бұл – ақиқат. 2019 жылы Германияның Мюнхен қаласында өткен халықаралық конференцияға АҚШ-тың вицепрезиденті Майк Пенс қатысып, Қытайдың Huawei телекоммуникация компаниясы кибертыңшылық қызмет атқаратынын мәлімдеп, еуропалық әріптестеріне сақ болуға шақырды. АҚШ билігі Huawei ұсынатын әлеуметтік пакеттерден бас тартуды талап етіп қана қоймай, халықаралық санкция салғаны белгілі.

Аса жоғары жылдамдықты интернет – ақпараттық-коммуникациялық технология, IT саласының дамуына және мемлекетті цифрландыруға үлес қосады.

Мәселен, білім беру – қашықтықтан оқыту, соның ішінде VR-көрсетілімді қолдануға кең мүмкіндік береді.

Телемедицина – тікелей уақыт режимінде қашықтан тұрып ота жасауға және өнеркәсіп – робот көмегімен қысқа уақытта өндіріс көлемін еселеп арттырады. Ауылшаруашылығы – қашықтықтан техниканы басқару және егіс алқабына мониторинг жүргізу жанданады. Жүргізушісіз автомобильдер кептелісте тұрып уақыт жоғалтпайды.

Қысқасы, ақылды қалалардағы мыңдаған аса маңызды инфрақұрылымдық жүйені қамтамасыз етіп, ғарышты бағындыру және зерттеу, ғылым мен инновация, білім мен медицина саласының дамыту 5G-сіз жүзеге асыру мүмкін емес. Яғни жеке адамның өмірі ғана емес, тұтас мемлекеттің тағдыры жоғары жылдамдықты интернетке байланады. Өйткені сымсыз технология – 5G-дің мүмкіндігі 4G-мен салыстырғанда 100 есе, тіпті 1000 есеге дейін жоғары болады. Мамандар секундына 10 гбға дейін ақпарат алмасуға болатынын айтады.

2015 жылдан бастап әлемнің озық елдері заманауи байланыс құралын жетілдіруде ізденіп, жүзеге асыруға кірісіп кеткен-ді. 2018 жылы интернет қолданушылары асыға күткен 5G технологиясын Қытай сынақтан өткізіп, 2019 жылы жаппай қолданысқа енгізді. 2019 жылы Оңтүстік Корея да жоғары технологияны іске қосты. Бүгінде АҚШ, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея бұл салада көшбасшылық үшін күресуде.

ШЕТЕЛДІҢ ТӘЖІРИБЕСІ ҚАНДАЙ?

Сөз жоқ, Қытай 5G базалық станциясының құрылысы бойынша әлемде көш бастап тұр. Бүгінде 1,43 миллион 5G базалық станциясы құрылып, 500 миллионнан астам қытайлық жоғары жылдамдықты интернетті үздіксіз пайдаланады. Яғни Пекин, Шанхай, Гуанчжоу, Ханчжоу қаласы мен маңындағы елді мекендер 5G қосылды.

2022 жылдың аяғына дейін базалық станциясының санын 2 миллионнан асырып, елдің өзге аймағына жоғары жылдамдықты интернетті жеткізуге жұмыс істеуде. Бір ғана Шэньчжэнь қаласында 45 мыңнан астам 5G станция салып, оның үздіксіз жұмысын робот басқаратын деңгейге жеткізді. Шэньчжэньда әлемдегі алғашқы интеллектуалды порт – Mawan SmartPort іске қосылды. Бұл технологиялық прогресс – 5G желісіне қажетті нысандарды салу және пайдалану құнын едеуір төмендетті.

Енді Қытай билігі келесі стандарт – 6G-ді әзірлеп, енгізудің жолын іздестіруде. Бұл туралы ХІІІ Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысында Қытайдың Өнеркәсіп және ақпараттандыру министрі Сяо Яцин хабарлады. Ресми Пекин әлемдік империяға айналуда технологиялық прогресті дамыту арқылы қол жеткізуді көздейтінін жасырмайды. Қытай елшіліктері дамушы елдерге 5G-дің мүмкіндігін жан-жақты насихаттап, несие арқылы жоғары технологияның кілтін беруге даяр. Бұл қатарда Чехия қытайлық 4G технологиясын тұтынып отырғанын айту керек.

2019 жылы Оңтүстік Корея¬ның үздік үш ұялы байланыс операторы – SK Telecom, KT және LG Uplus бесінші буын желісін іске қосты. Осылайша 5G-ге қол жеткізген санаулы елдің қатарына қосылды. Қазір Оңтүстік Кореяда 24 миллион абонентке қызмет көрсететін 200 мыңнан астам 5G базалық станциясы орнатып, халқының жартысына жуығын 5G қызметін қамтамасыз етті. Сеул билігі байланыс емес операторларға 4,7 ГГц және 28 ГГц жиілік диапазондарын  пайдаланып жеке 5G желісін орнатуға рұқсат береді.

5G-ГЕ ҚАЖЕТТІЛІК НЕДЕ?

Жоғары жылдамдықты интернет адамның өмір сүру сапасын жақсартатын барлық салаға аса қажет екенін және озық елдер өндіріске енгізіп жатқанын жаздық. Бірақ мобильді телекоммуникацияның қызметі мен міндетін мұнымен ашылды дей алмаймыз.

Иә, толық метражды фильмді 10 минутта емес, 10 секундта жүктеп алуға мүмкіндік алдық. Ақылды қалаларды іске қостық. Пилотсыз көліктер өмір шыңдығына айналды. Ауылшаруашылық IoT құрылғылары фермерлерге ылғалды, топырақ жағдайын және өсімдіктердің тіршілігін дәлірек өлшеуге, ауа райы жағдайын дәлірек болжауға мүмкіндік береді, сондай-ақ мал шаруашылығында датчиктер малдың жетілуін қадағалап, саулығын бақылайтын болады. 5G фермерлерге жұмысын жеңілдетіп, өнімділікті арттырады.

Болды ма? 5G-дің мүмкіндігі осы ғана ма? Көпшілікті осы сұрақ мазалайтыны анық.

Шынында, жоғары жылдамдықты интернеттің негізгі міндетін мұнымен шектей алмаймыз. Ғалымдар 5G ақылды немесе ұшқышсыз көліктерді дамытып қана қоймай, смарт жолдармен, бағдаршамдармен, автотұрақтармен қоса өмірге енгізетінін, тіпті бір пункттен екіншісіне бару үшін сағаттап уақыт жоғалтпай, әп-сәтте жетудің мүмкіндігін ашатынын айтуда. Виртуалды өмірде бәрі мүмкін, алайда шынайы өмірде бұл – адамның ақылына сыйымсыз дүние. Кім білсін, бірнеше минутта Астанадан Лондонға жетіп, әрі қарай Нью-Йоркке асып, әлемді аралып жүретін кез келер. Бұған 5G-дің мүмкіндігі жетпей, бәлкім, 7G-дің игілігін жақын арада көретін болармыз. Әлемнің дамыған, ойлы елдері осындай ауқымды жобаны жүзеге асыруға кірісіп те кетті.

5G мүмкіндігі мен міндетін медицина саласымен байланыстырып, талдауға әбден болады. Сеулдегі Samsung ауруханасы инновациялық технология – 5G іске қосты. Оның көмегімен дәрігер биопсиялық суретті секундына 1 гигабайт орташа жылдамдықпен оңай және жылдам ала алады. Бұл аурухананың әртүрлі ғимаратындағы дәрігерлер тест нәтижесін жылдам қарап, тез диагноз қоюға мүмкіндік береді. Бұған дейін дәрігерлер сынақ нәтижесін алу үшін ғимараттар арасында жүріп, көп уақыт жоғалтып, кей жағдайда науқастың жағдайы нашарлап қалатын.

Міне, озық елдердің 5G енгізуге жанталасып жатқанының бір сыры – осында. Сондықтан ағылшын жазушысы Эндрю Браун «Интернет – өте ауқымды, зор күш ие құрал. Тіпті кейбір адамдар үшін өмірді алмастыратын сервиске айналды» деген болар.

P.S: АҚШ-тың заманауи интернет технологиясы мен құралжабдықтарын өндіріп-сатумен айналысатын трансұлттық CISCO Systems корпорациясының жетекшісі Джон Чемберс: – Өмірді теңестіруші екі күш бар, бірі – білім, екіншісі – интернет. Ли Куан Ю осы екеуінде жете меңгеріп, олардың қуат-күшін іс жүзінде шегіне жеткізе орындай білді. Сондықтан Сингапур интернет экономикасы табысты дамыған әлемнің көшбасшы еліне айналды, – дейді. Әлемнің ірі интернет магнатының сөзінің астарынан, Сингапурдың сергек дамуының бір сыры – интернетті өз деңгейінде пайдалануында жатқанын аңғарады. Бізге де өркениет көшінен өз орнымызды алу үшін интернет саласын дамыту маңызды. Онсыз бәсекеге қабілетті болу мүмкін емес.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ

30 қыркүйек 2022 ж. 598 0