№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Huawei P20 Pro: «Әлемнің ең үздік смартфоны»

Huawei P20 Pro: «Әлемнің ең үздік смартфоны»

Шілденің 18 күні Huawei компаниясы Nova 3 смартфонын таныстырды. Осы жиын барысында компанияның бас директоры Ричард Ю жыл басынан бері 100 миллион Huawei смартфонының сатылғанын ресми түрде хабарлады.  Бұр көрсеткіш қытайлық компания үшін үлкен абырой. Себебі, олар осы уақытқа дейін небәрі жарты жылдан астам уақытта дәл осындай көрсеткішке қол жеткізе алған жоқ. 2015 жылы Huawei-дің 100 миллионыншы телефоны 22 желтоқсанда сатылды. Ал 2016 жылы бұл көрсеткіш 14 қазанға дейін қысқарды. Былтыр 100 миллионыншы смартфон 12 қыркүйекте сатылды.  Компания басшысы Ричард Ю екінші жартыжылдықтың жоспары бойынша, жыл соңына дейін смартфондардың сатылымын 200 миллионға жеткізуді алға қойып отыр. Сонымен қатар, Huawei телефондарының ішінде ең көп сатылып жатқан P20 және P20 Pro флагмандары екенін атап айтты.  21 шілде күні 2018 жылдың шілде айындағы ең үздік смартфондардың рейтингі жарияланды. Дәл осы рейтингте, жоғарыда атап өткен Huawei P20 Pro смартфоны бірінші орыннан көрінді.

МАССАГЕТ.КЗ
29 шілде 2018 ж. 1 001 0