№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 5G ӘЛЕМГЕ НЕ БЕРЕДІ?

5G ӘЛЕМГЕ НЕ БЕРЕДІ?


Күннен күнге әлем өзгеріп, технология қарқынды дамуда. Әсіресе мобильді қызмет жаңа бағытқа, инновациялық әлемге бет бұрды. Қазір адамзат қауымдастығына ықпал етуді жоспарлаған озық елдер 5G сынақтан өткізіп, қолданысқа енгізуге асығуда. Себебі сымсы интернет негізінде құрылатын 5G әлемді өгертеді. Бұл – ғалымдар мен сарапшылардың ортақ пайымы.

Зерделеу жұмысын осыдан бастайық. Бесінші буын желісі үлкен жетістік болмақ. Қазірдің өзінде 5G технологиясын бүкіл әлем сынақтан өткізіп жатыр, биыл осы желі жаппай енгізілуі де мүмкін. Бұл кеңжолақты мобильді байланыстың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ, құралдар арасында өте сенімді кең ауқымды байланыс жүйесін, қысқа кідіріс уақыты мен секундына 20 гигабиттік интернет жылдамдығы, 4G-ге қарағанда батарея қуатын аз жұмсауға мүмкіндік береді деп күтіледі. Желінің дамуынан не күтеміз?
5G 2009 жылы пайда болған 4G-дің ізбасары деуге болады. Бұл жүйе 4G-ден 40 есеге дейін жылдам болады. Мәселен, қолданушы толық метражды фильмді ап-анық күйінде бірнеше секундта-ақ жүктей алады. Сондықтан 5G бізді сапалы видеоларымен, әртүрлі VR-форматтарымен қуантуы әбден мүмкін. Басты мақсат – тек ойын-сауықты дамыту емес. Бұл – бизнес үрдісінде жаңа кезеңнің туындауына әсер етпек. Заманауи бизнес әлдеқашан цифрланған, енді оған өнімділіктің жаңа айналымы қажет. Ең бастысы, ақылды қалалардың негізгі дамытушы күшіне айналады. Қа-рапайым тұтынушылар 5G желісінің жылдамдығын қажет ете бермегенімен, жаңа технологияларды енгізгеннен кейін оған деген қажеттілік міндетті түрде пайда болатыны сөзсіз.
5G мобильді желілерін енгізу – әлемдік тренд. Бұл өз кезегінде жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ. Біріншіден, жоғары жылдамдықпен алыстағы ауыл-аймақтар мен қала сыртындағы елді мекендерді қамтамасыз етпек. Интернет жоғары жылдамдықта болса, телемедицинаның дамуына септігін тигізері сөзсіз. Сонымен бірге елдегі мектептердің жартысынан көбі ауылдық елді мекендерде екенін ескерсек, заманауи сандық білім беруде байланыстың бесінші буынының көмегі зор болмақ. Екіншіден, 5G қымбат технология болғанымен, барлық абоненттерге байланыстың бірыңғай сапа деңгейі мен трафикке бағалардың төмендеуі болады.
Білім беру – қашықтықтан оқыту, соның ішінде VR-көрсетілім арқылы қолдануға болады. Телемедицина – тікелей уақыт режимінде қашықтан тұрып ота жасауға мүмкіндік береді, өнеркәсіп – робот көмегімен қысқа уақытта өндіріс көлемін еселеп арттырады. Ауыл шаруашылығы – қашықтықтан техниканы басқару және егіс алқа-бына мониторинг жүргізу жұмысы жанданады. Жүргізушісіз автомобильдер – кептелісте тұрып уақыт жоғалтпайды. «Smart sity», яғни «ақылды қаланы» орнатып, әлем таң қалатын дүниелер пайда болады. Ақылды қаланың мүмкіндігі өте көп, әсіресе үйдегі жабдықтар, құрылғылар өз бетінше әрекет ете бастайды. Бір сөзбен
айтқанда, барлық жағынан уақыт ұтасыз, оның зияны да жоқ емес. Оған сәлден соң тоқталамыз.
Ал «жаңа желі құрылысына керекті инвестициялар 4G желісімен салыстырғанда төрт-бес есеге қымбат болады», – дейді сарапшылар. IT саласының дамуына және мемлекетті цифрландыруға үлес қосады. Ұлттық экономика министрлігінің деректері бойынша, соңғы он жылда елімізде желіні дамыту мен жабдықтауға 1 трлн теңге инвестиция салынған. Оның тең жартысы «Қазақтелеком» АҚ-на тиесілі. Демек Қазақстан да көштен қалмаудың жолында келеді. Егер жылдамдатпаса онда жаңа мүмкіндіктерден айырылып қаламыз. Қарусыз майданның
Бұл түсінікті болды, енді жоғарыда айтқандай әлемге қалай үстемдік етуге болады? Қазір озық елдер бұл интернет желіні енгізу үшінші дүниежүзілік соғысты бастаумен тең деп болжап отыр. Яғни қарусыз майданның дәурені енді келді. Қазір Қытай мен АҚШ осы интернетті толық іске қосу үшін барын салуда. Қытай бұл жүйені тәжірибеден өткізіп, толық қолданысқа енгізуге әзір. Әлемдегі індетке байланысты кешеуілдеп қалғаны болмаса, Қытай жыл соңына дейін жоғары жылдамдықты интернетті игілігіне айналдыруға ниетті. Айта кетейік, кейбір елдердегі 4G-дің орнатылуына тікелей қытайлықтар себепкер, демек ол елдердің интернет желісі – ішкі нарығы, алыс-берісі, қызметтік құпиялар Қытай Үкіметіне қолжетімді деуге болады. Мәселен Чехияның орталығы Прагаға қытайлықтар 4G орнатты. Қаір Қытай Чехиядағы байланысты өзгертемін немесе өшіремін десе өз еркілерінде. Тіпті Қытай осы желі арқылы өте көп пайда табады.
Міне, майдансыз қару дегеніміз осы. Сарапшылар мен экономистердің айтуынша егер Қытай 5G-ді локомативіне айналса, әлемнің қожайыны болады. Әлемде ішкі өнімі төмен, кедей мемлекеттер аз емес. Яғни халқының тұрмысы төмен елдерге 5G-ден түскен табысты несие ретінде беруге дайын. Ол үшін Қытайға келудің қажеті болмайды, елшілік те несие беруге қауқарлы болады. Егер мұндай мүмкіндік жүзеге асатын болса, онда тізімге Қазақстан да тіркелетіні түсінікті. Мұның нәтижесі айтпаса да түсінікті болар. Айта берсек бұл технологияның мүмкіндігі өте көп...
2023 жылға қарай 5G смартфондарын жеткізу үлесі нарықтың 30 процентке жуығын құрайды, ал 4G смартфоны нарықтан 71 процентке дейін төмендейді. 2019 жылдың сәуір айының соңында тіркелген интернет-абоненттер саны 2,5 млн бірлікті құрады. Бір жылында бұл көрсеткіш үш есеге өскенін аңғару қиын емес. Демек бүгін болмаса да, алдағы 10 жылда жаһан жұрты интернетке тәуелді болады. 4G-дің игілігін көріп отырған елдер 5G-дан бас тарта алады. Бірақ әлемдегі өзгерістен кенде қалады. Сондықтан дамушы елдердің өзі 5G-дің іске қосылуын асыға күтіп отыр. Мексика мен Канаданың әлеуеті 4G арқылы дамып кеткен. Енді одан 40 есе күші басым 5G-ді орнатса, онда бұл елдер АҚШ пен Қытайдың қатарына қосылады. Бір сөзбен айтқанда, ХХІ ғасыр – ақпарат айдынының алтын дәуірі.
5G-ДАН КЕЛЕР ҚАУІП ҚАНДАЙ?
Жаңа технологияның пайдасымен қатар зияны да ілесе жүрмек. 5G-ге көшу үшін стансалар жиі орнатылмақ. Көпшілік антенна санының артуы адам ағзасына зиян тигізетінін айтуда. Мамандар мұны растайды. Жылдам жұмыс істейтін электромагниттік желінің толқындары адам денсаулығына кері әсерін тигізбей қомайды. Дәрігерлердің сөзінше, денедегі тіндер аталған толқындарға бейімделгенімен, бас ауруы, қан қысымы мен жүрек соғысы жиілейді екен. Жақында
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев адам денсаулығына ұялы байланыс антенналарының әсері туралы айтып, алаңдамауға шақырды. «Әрбір базалық станса үшін тиісті санитарлық паспорт беріледі. Тұрғын үйдің үстіне ұялы байланыс антеннасы міндетті санитарлық аумақ талаптарына сәйкес орнатылады. Сондықтан тұрғындарға алаңдаудың реті жоқ» деген болатын. Тағы бір мәселе, бұрынғы желілерге қарағанда 5G-ге бұзып кіру қиын. Сондықтан қазір бұл мәселе үлкен алаңдаушылық тудырып отыр. Мамандар Қытайдың 5G жабдығы, чиптері, бағдарламасы басқа мемлекеттерде шпиондық жасауға бейімделуі мүмкін деген пікірде. Мәселен, былтыр Австралия өзінің телекоммуникациялық операторларын Huawei және ZTE компанияларының 5G-мен жабдықтауына тыйым салған. Verizon мен оның бәсекелесі AT&T болса, Huawei телефондарын сату жоспарын тоқтатқан болатын.
Қауіпсіздік үшін тағы қандай шаралар қолданылып жатыр? Ұлыбритания, Германия, Франция және өзге елдер қытайлық желі жабдықтарын шектеуге бола ма деген мәселені таразылап отыр. Ал Трамп Huawei-дің Құрама Штаттарда бизнес жасауына тыйым салуға ниетті. Бірақ АҚШ-тың шалғайдағы елді мекендері бұл байланыс құралын арзан көріп, одан бас тарта қойған жоқ. Ақ үй әкімшілігі өкілдерінің сөзінше, 5G-дің қамтитын аумағы кең болады. Тағы бір алаңдатарлық жайт – бүгінде сымсыз жүйеге телефондар мен компьютерлер, сенсорлар, камералар, электроқұралдар мен электроникалық заттар және т.б қосылады.
Швецияның Ericsson компаниясының зерттеуіне қарағанда, 2024 жылға дейін мобильдік желімен тасымалданатын деректер көлемі қазіргіден бес есеге өсіп, 5G әлем халқының 40 пайызын қамтымақ. Сонымен қатар, сол жылы «заттар интернетіне» дүниежүзінде 22 миллиард гаджет қосылады екен.
Huawei не дейді? Huawei Қытай барлаушыларына байланыс қызметін көрсетеді деген айыптарды қайта-қайта жоққа шығарып келеді. Оның ескертуінше, бұл компанияны еш дәлел келтірмей, «қара тізімге» енгізу – осынау индустрияға зиян тигізіп, жлыдамдығы жоғары технологияның жолын бөгейді. Бұған қоса, компанияның негізін қалаған миллиардер Жэнь Чжэнфэй биыл қаңтарда баспасөз маслихатын өткізіп, Huawei-дің Бейжіңге шпиондықта көмектеспейтінін бас айтты. Телефон компанияларының пікірі қандай? Бірқатар, телекоммуникациялық фирмалар ескерткендей, Huawei-дің 5G жабдықтарына тыйым салынса, жаңа сымсыз интернеттің бағасы тұтынушлылар үшін қымбат болуы мүмкін. «Кез-келген шектеу еуропалық байланыс компанияларының шығындарына «айтарлықтай әсер» етеді. Өйткені, олар 5G енгізуді және оның инфрақұрылымын жасақтауды кешеуілдетуі ықтимал ғой», – дейді Vodafone Group-тың бас директоры Ник Рид.
Бәрінен бұрын бұл технология әлем елдерінде 4G сынды күнделікті қолданысқа енгізіліп, роботтар қызметке кіріссе адамзаттың тең жартысы жұмыссыз қалуы ықтимал. Міне ең басты қауіптілік осында.
Қорыта айтқанда, әлем өзгере береді, шектеу болмайды. Тек осы көштен қалмау басты меже, сондықтан бүгінгі мектееп оқушылары осы технологияны игеруі тиіс. Сонда ғана бәсекеге қабылетті елге айналатынымыз сөзсіз. Қалғаны уақыт еншісіне қалады
23 маусым 2020 ж. 1 083 0