Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » САНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯҒА БЕЙІМДЕЛГЕН САҚТАУ СЫРЫ

САНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯҒА БЕЙІМДЕЛГЕН САҚТАУ СЫРЫ


Жолдауда жүктелген 10 басымдықтың барлығы да цифрландыру дәуіріне тездетіп бой тіктеу. Жаһан жұрты қазір ғарыштық жылдамдықпен дамуда. Кез келген сәтте адам ойламаған нәрселер дүниеге келіп жатады. Бұның барлығы бізден аса қырағылықты, шапшаң қимылдауды, жедел бейімделуді талап етеді.
Төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінің талабы да – осы. Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы осы талаптарға сай болуымызды көздейді. Осы бағытта аудандық архив мекемесі де архивтің электрондық базасын әзірлеу мақсатында құжаттарды электрондық-сандық форматқа көшіруге талаптануда. «Epson DS- 860» және А3 форматтағы сканерімен жабдықталған. 2013 жылдан бастап түсіру жұмысы жүргізіліп, қазіргі таңда 35 қордан 443020 парақ беттері сканерленіп штрих кодтары енгізілді.
Бүгінде архив қорына аудан әкімінің аппараты мен ауылдық округ әкімдерінің аппараттарының, аудандық сот мекемелерінің, мектептер мен балабақшалардың және басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің іс-қағаздары тапсырылады. Мұнымен қатар тұрақты сақталатын құжаттар, жеке құрам бойынша сақталатын құжаттар және жеке тектік, фото құжаттар бойынша қорлар ашылып, құжаттар қабылданып сақталуда. Архивте ең көне құжаттар 1926 жылғы Жаңақорған аудандық ауруханасының құжаттары болып табылады. Жаңақорған ауданының құрылымдық тарихы архив құжаттар негізінде анықталады. Біріншіден, Жаңақорған аудандық Советі атқару комитетінің құжаттарынан алынған 1972 жылдың 10 тамыздағы №307 қарарымен Жаңақорған ауылын қалалық елді мекендер санатына жатқызу туралы. (Р-68, Іс-63). Екіншіден, Жаңақорған аудандық Советі атқару комитетінің 1972 жылдың 17 шілдедегі №272 қарарымен аудан көлемінде жаңа ауылдық Советтер құрылған (Р-68, Іс-48). Үшіншіден, Жаңақорған ауданы әкімиятының қаулысымен 2004 жылдың 8 желтоқсанында №248 қаулысымен Жаңақорған ауданында ауылдық округтер құру туралы (Р-94, іс 441). Төртіншіден, Жаңақорған ауданы әкімиятының 2004 жылдың 15 желтоқсанында №253 қаулысымен ауданда бөлімдердің құрылғандығы (Р-94, Іс-441). Бесіншіден, Жаңақорған ауданы әкімиятының 2006 жылдың 13 қаңтардағы №881 қаулысымен Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер құрылғанын айтуға болады. (Р-94, іс-546)
Қазіргі уақытта архивте есепте тұрған 177 қор, 38 098 сақтау бірлігі бар. Жалпы аумағы 282,7 шаршы метрді қамтитын архивтің төрт қоймасында мекемелердің құжаттарымен қатар, өңірімізде дүниеге келіп, елге еңбегі сіңген түрлі саладағы азаматтардың өмір деректерінен ақпарат беретін жеке тектік құжаттары сақталған. Сондай-ақ, «Ұлы Отан соғысының ардагері», «Жаңақорған ауданның Құрметті азаматтары» құжаттарының жеке тектік қорлары ашылып, жыл сайын толықтырылуда. Соның ішінде ауданымызда қаржы саласында 40 жыл елеулі еңбек еткен, архив саласының кірпішін қалап, мекемені басқарған ауданның «Құрметті азаматы» Бекмахан Дүйсенбаевтың, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Райымбек Әділбековтың, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, «Үздік ақын» Әбілхайыр Сыздықовтың, Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі, ақын, сазгер, сахнагер, биші «Сан өнердің саңлағы» Жақсыгүл Бегманованың, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі, Қызылорда облысының Құрметті қайраткері, Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы, Жаңақорған кентінің Құрметті азаматы Адырбек Сопыбековтың, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ауылшаруашылық қызметкері, Жаңақорған қонысының «Құрметті азаматы» Зулпыхар Мусахановтың, Қазақ КСР Оқу ісінің үздігі, публицист – ақын Хадиша Баязитованың, туған жерін түлеткен озат күрішші, атақты механизатор «Іскер әкім» Азия Қыстаубаеваның жеке тектік құжаттары архивте сақтаулы.
Аудандық архивте жеке және заңды тұлғалардың әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстар: яғни жұмыс өтілін, жалақы мөлшерін, отбасының құрамын, білімін, марапатталғанын, зейнетақы жарнасы мен әлеуметтік төлемдердің аударылуын, мәліметтерді растау туралы анықтамалар сақталынған. Міне, жоғарыда аталған талаптарды сақтай отырып, халыққа қызмет көрсетудің сапасы мен мазмұнын арттыруды басты міндеті санайтын ұжым қызметкерлері ҚР ұлттық архив қоры болып есептелетін құжаттардың дұрыс қалыптасуын, сақталуын, келешек ұрпаққа мұра болып қалуын басты назарда ұстап, жұмысымызды өз дәрежесінде өрістетуге тиіспіз. Архив құжаттарының тарихи дерек ретінде ауданның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына тигізер әсері мол. Сондықтан өткен тарихи кезеңдерді зерттеп білу үшін архив құжаттарына сүйенетіміз ақиқат.

Рахат МҰСАХАНОВА,
аудандық архивтің қойма меңгерушісі.
03 наурыз 2018 ж. 1 200 0