№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Іс басында – іскер әйел – Зағипа Абжалелованың жолы

Іс басында – іскер әйел – Зағипа Абжалелованың жолы


Тарих бедеріне көз салсақ, бұл – олардың қанын да бар қасиет. Ертеректе өткен абыз аналардың өмірін өнеге еткен абзал. Сонау қиын-қыстау жаугершілік заманда ері елін қорғаса, аналарымыз бір әулеттің киелі отын сөндірмеуді бәрінен маңыз тұтты. Тек отбасы ошақ-қасында ғана емес, күйбең тіршіліктен бір уақыт бой түзеп, ел бірлігі мен баянды болашағы үшін маңызды мәміленің ұйытқысына айналған. Тамырын Тұмар ханымнан бері тартқан тарихқа көз жүгіртсек, Домалақ ана, Айша бибі, Жаған бегім, Нұрбике ханым, Бопай ханшайым сынды батыр жүректі, абыз саналы аналар ел жадында. Міне, осындай қазақ әйелдерінің отбасындағы білгір саясаткерлігі мен бойына сіңген бекзат болмысы бүгінгі күнге де келіп жетті. Мұның дәлелі ретінде біз ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты үлесін қосып жүрген әйел басшыларды тақырыпқа арқау етпекпіз.
Тақырыпқа арқау еткелі тұрған үшінші кейіпкер – Зағипа Абжалелова. Бүгінде аудандық архив мекемесінің директоры һәм аудандық мәслихаттың депутаты. Сайлаушылардың сенімін арқалаған халық қалаулысы билік пен бұқара арасында алтын көпірге айналуды абырой санайды. Үш бірдей мамандықтың иесі атанған Зағипа Бегманқызы алғашқы еңбек жолын 1985 жылы Новосибирск қаласының мемлекеттік банкінде аға маман-есепші, бас есепші болып бастайды. Жырақта жүрседе, туған жері Жаңақорғанды жақын тартып, араға жыл салып, ауылға қайта оралады. Әуелі аудандық әскери комиссариатта құпия құжаттар бөлімі меңгерушісі, аудандық архивте мұрағатшылықтан архив мекемесінің директорлығына көтеріледі. Бізбен тілдесу барысында сандық технологияға негізделген архив саласының сақтау тетігіне тоқталды.
– Жолдауда жүктелген 10 басымдықтың барлығы да цифрландыру дәуіріне тездетіп бой тіктеу. Жаһан жұрты қазір ғарыштық жылдамдықпен дамуда. Кез келген сәтте адам ойламаған нәрселер дүниеге келіп жатады. Бұның барлығы бізден аса қырағылықты, шапшаң қимылдауды, жедел бейімделуді талап етеді. Төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінің талабы да – осы. Мемлекет басшысы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы осы талаптарға сай болуымызды көздейді. Осы бағытта аудандық архив мекемесі де архивтің электрондық базасын әзірлеу мақсатында құжаттарды электрондық-сандық форматқа, «Epson DS- 860» және А3 форматтағы сканерімен жабдықталған, – деді Зағипа Абжалелова.
Оған қоса, халық қалаулысы бұқараның талап-тілегін орындап, мәселенің оңынан шешілуге жұмыс жасауды өзіне борыш санайды. «Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағы үшін қызмет ету баршаға міндет. Оның ішінде халық халаулысы ретінде қызмет ету жауапкершілік жүгін екі еселейді. Ел мүддесі үшін ерінбей еңбек етіп, сайлаушыларымның сенімін ақтауға бар күш жігерімді жұмсаймын», дейді мәслихат депутаты.
Түйіндей айтқанда, әйел – ана, отбасының ұйытқысы, әйел – іскер, білікті басшы, әйел – жылулық, барша әлемге мейірім шашып тұратын шапағат шуағы. Оған қоса, қазіргі таңда осы нәзікжандылар қауымының қоғамдағы рөлін іскерлік және көшбасшылықпен етене байланыстырмаса болмайды. Өйткені, елдегі гендерлік саясаттың маңызды бөлігінде олардың алатын орнының айрықша екендігі белгілі. Бұл бағытта біз мақалаға арқау еткен әйел басшылардың барлығыда ауданның әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің артуына өзіндік үлесін қосып жатқаны айқын.
07 наурыз 2018 ж. 1 736 0