№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «SMART МЕКТЕПТІҢ» СЫРЫ НЕДЕ?

«SMART МЕКТЕПТІҢ» СЫРЫ НЕДЕ?


Жақында ғана өткен Ақорда төріндегі кеңейтілген Үкімет отырысында Президент цифр­ландыру саласын қатты сынға алған болатын. «Цифрландыру мәселесін мектеп қабырғасынан бас­тап кеңінен түсіндіру керек. Себебі қазіргі жастар болашақта осы жұмыспен айналысады. 2030 жылда мүлдем басқа экономика болады. Соған дайын болуымыз қажет. Сондықтан қазіргі цифрландыруды кеңінен жеңіл түрде үйретуіміз керек» деген болатын. Бізде өз кезегінде оқшау ойдағы орамды тақырыптарды цифрландыру бағытына бұрғанды жөн көрдік. Соңғы кезекшілік нөмірде «ақылды ферманың» артықшылығын кеңінен тарқатып едік.
Ендігі кезекте «смарт-мектеп» жобасының жай-жапсарын зерттеп көрсек. Елімізде алғашқы «Смарт мектеп» жобасы Елорда төріндегі №3 және 15 мектептерде қолға алынды. Инновациялық таңдау аясында оқушыларға арналған арнайы карточкалар қолданылады. Басты мақсат – мектеп процесстерін автоматтандыру және қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Әлгінде айтқан Астанадағы смарт мектепте «е-Асхана», «е-кітапхана», бейнебақылау жүйесі толыққанды жұмыс жасап тұр. Яғни, жобаның ерекшеліктерін атап өтсек: шәкірттер білім ордасына тек карточкамен кіре алады. Мектеп асханасындағы төлемді карточкамен төлеуге мүмкіндігі бар. Және де кітапхана қоры, іздеу жүйесі және кітап алудың электрондық форматы қолданылады. Оған қоса, шәкірттердің мектепке келіп кету статистикасы, кешігу саны, кітапхана қорларын пайдалану тарихы, бағалардың электронды журналын көруге мүмкіндігі бар. Ұстаздар оқушының сабаққа үлгерімі не қатынасуы туралы ата-анасына СМС-хабарлама жіберіп отырады.
Сондай-ақ жыл басынан бастап, Павлодардағы «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде оқушылар базасына енгізілген ақылды құрылғы жұмыс істей бастады. Жеделдетілген технологоияның негізінде құрастырылған озық жүйенің биотемриялық деректерді тану қабілеті 98 пайызды құрайды. Бейнекамера арқылы тану құрылғысы қолданыстағы карточкалық жүйеден едеуір жылдам жұмыс істейді екен. «Цифр­лы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасынан туындаған басым бағыттың бірі ретінде таңдалған бұл жоба – оқушылардың қауіпсіздігі мен мектепке келуін қадағалау мен бақылауға таптырмас технология болып тұр.
Иә, бүгінгі заман талабына сай цифрлы жүйенің сиқырына жүгінуіміз қажет. Себебі, Қазақстан сандық технологияға айналған ел болуды көздейді. Ол үшін ең әуелі бұқараның цифрлық сауаттылығын арттыру қажет. Бұл жүрдім-бардым жасалатын дүние емес. Өйткені, ғаламдық үдерістің талабы осыны талап етеді. Ендігі кезекте ІТ-мамандарға сұраныс артады. Өкінішке орай, мұндай ақпараттық технологияны жетік меңгерген мамандар елімізде тапшы. Десе де, цифрландыру қазіргі әлеуметтік-экономикалық салалардың барлығына ортақ. Әлем қазір ғарыштық жылдамдықпен дамуда. Кез келген сәтте адам ойламаған нәрселер дүниеге келіп жатады. Бұның барлығы бізден аса қырағылықты, шапшаң қимылдауды, жедел бейімделуді талап етеді.
Төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінің талабы да – осы. Мемлекет басшысы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы осы талаптарға сай болуымызды көздейді. Қазақстанда ақпараттық технологияны мемлекеттік секторға енгізу жұмысы осыдан он жыл бұрын басталып кетті. Ендігі тек көштен қалмау керек.
20 ақпан 2018 ж. 2 351 0