№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жасөспірімдер арасындағы қылмыс – бүгінгі қоғамының дерті

Жасөспірімдер арасындағы қылмыс – бүгінгі қоғамының дерті

            Соңғы жылдарда жасөспірімдер арасындағы қылмыс жиіледі. Атап айтсақ, кісі өлтіру, ұрлық, тонау, бұзақылық, алаяқтық қылмыстары белең алуда. Тіпті, алдын ала жоспарланып, дайындалып, техникамен жабдықталған қылмыстар да бар. Бұл қылмыстарды жасөспірімдер көбінесе топтасып жасайды. Кәмелетке толмағандар жасайтын қылмыстардың арасында ерекше орын алатыны – бұзақылық. Бүгінде бұқаралық ақпарат құралдарында мектеп жасындағылар «пышақтап кеткен», «атып кетті» деген ақпараттарға құлағымыз үйрене бастады. Меніңше, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың көбеюіне әсер ететін бірнеше фактор бар. Мысалы, отбасындағы қолайсыз жағдай, сабаққа бармау, экономикалық жағдайдың төмендігі, өздерінің құқықтарын дұрыс білмеуі деп ойлаймын.
  •          Жалпы, кәмелетке толмағандардың тұлға ретінде толық қалыптасып жетілмеуін және қылмыстық жазалаудың тұлғаға өте ауыр әсерін есепке ала отырып қылмыстық жаза тағайындауда кәмелетке толмағандар үшін біраз жеңілдіктер қарастырылған. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәмелетке толмағандарға өлім жазасы және өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жазалар қолданылмайды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің  79-бабына сәйкес кәмлетке толмағандарға тағайындалатын жазалардың түрлеріне мыналарды жатқызуға болады: айыппұл, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары, бас бостандығынан шектеу, қамау, бас бостандынан айыру. Бұл жазалар тағайындалған кезде де белгілі бір шектеулер қолданылады. Мысалы, айыппұл – кәмелетке толмаған сотталушы жалақы алатын болса немесе оның тәркілеуге жататын мүлкі болса ғана тағайындалады.
  •           Шындығында, жасөспірімдер арасындағы қылмыс - бүгінгі қоғамның ауруы. Оны емдеу және алдын алу шараларын қолдану қажет. Ол үшін мемлекеттік органдармен байланыс орнату, жастар арасында патриоттық сезімді, мәдени құндылықтарды дамыту керек. Сонымен қатар жастардың құқықтық сауаттылығын көтерген дұрыс.
Садуақасов Шарап Сейтқасымұлы
Көкшетау қаласы «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы


26 мамыр 2021 ж. 805 0