№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі

Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі

Жуырда аудан әкімдігінде кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөнінде комиссия отырысы өтті. Мақсаты - кәмелеттік жасқа толмағандар арасында жүктілікті болдырмау және оның алдын алу шараларын талқылау, сараптап-саралау.

Аудан әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаевтың төрағалығымен өткен комииссия отырысына онлайн режимде “Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Балалардың құқығын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету” басқармасының бас сарапшысы Тимур Қазтуғанов қосылды.
Күн тәртібіндегі өзекті мәселе бойынша бірінші болып аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Ибрагимов хабарлама жасады.
Оның сөзінше, аудан бойынша кәмелеттік жасқа жетпей жүкті болғандар саны – 9. Кейбірі тіпті он жасқа толмаған. Ал олардың екеуінен басқасы аудан мектептерінде оқымаған. Атап айтқанда осында тұрмысқа шығып тіркелгендер. Осыған орай сала мамандары жыл басынан бері «Кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдер, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алудағы 2019-2021 жылға арналған кешенді жол картасы» бағдарламасын басшылыққа алып,профилактикалық жұмыс­тар атқары­лып келетінін тілге тиек етті.
Соңғы кездері жасөспірімдер мен жастар арасында ең өзекті мәселенің біріне айналған тақырыпқа бей-жай қарай алмаған аудан прокуроры Дарын Әбішұлы:
– Бұған атүсті қарауға болмайды. Түсіндірме жұмыстарын жүргізумен шектелмеу керек. Арнайы топ құрып, ауыл-ауылды аралап, ерте жыныстық қатынасқа түсудің зиянын ата-аналарға түсіндіру керек. Ата-ана рұқсатымен тексеруден өткізіп, күмәнді деп танылған жасөспіріммен жеке жұмыс жасап, тіркеуге алу міндеті тұр. Мұндай жұмыстар дер кезінде жүргізілмесе, жағдайдың алдын алу қиын, – деді.
Ал жасөспірімдердің толық тексеруден өтіп немесе өтпеуіне байланысты сараптама жасап оты­ратын медицина саласының жауапты маманы, аудандық аурухананың бас дәрігерінің ана мен бала жөніндегі орынбасары Ғалия Тұрабаева: «Аудан бойынша 3640 жасөспірім бар, оның 1812-ы қыз бала. 2021 жылы 9 айда профилактикалық тексеруден 1631-і өтті. Олардың 714-інде аурушаңдық белгісі анықталып, артынша емдік шаралары ұсынылды. Нәтижесінде сауықтырылғандар саны – 598. Ал мектеп жасында оқитын қыздар арасында криминалдық аборт жағдайы тіркелген жоқ. Ерте жүктіліктің алдын алу бойынша аудан көлемінде түрлі тақырыпта семинар-тренингтар ұйымдастырып, алдын алу шаралары түсіндіріліп, жыныстық жолмен жұғатын аурулардың адам денсаулығына кері әсері түсіндіріліп келеді», – деді.
Жауапты сала мамандарының сөзінен кейін комиссия төрағасы Дархан Есалыұлы жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілікті отбасындағы тәрбиенің әлсіздігінен көресіздер. Егер жағдай осылай жалғаса берсе бұдан сорақы жағдайлар тіркелетін болады. Сондықтан үйден ата-ана, мектептен ұстаздар мен психолог мамандар бірлесе жұмыс жасаса ғана қауіптің алдын алу әлдеқайда оңай болатынын қадап айтты.

Лаура БИБАСАРОВА
21 қараша 2020 ж. 1 110 0