№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бала құқығы бірінші орында

Бала құқығы бірінші орында



«Құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында өткен жиын­да сөз алған аудан прокуроры Дарын Әбіш: «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғамдағы қылмысты болдырмаудан да аса маңызды. Сонымен қатар заңды, әлеуметтік пайдасы бар қызмет барысында жас ұрпақтың қылмыстық әрекетке жол бермеуі қатаң қадағалануы керек. Мұндай жағдайларға құқық бұзушылықтардың орын алуы барысында да профилактикалық шаралардың өз деңгейінде жүр­гізілмейтіні себеп. Сондықтан оқу­шылар арасында құқықтық са­на-сезімді тиісті деңгейде қалып­тас­ты­рып, жауапкершілік деген ұғымның мәнін түсіндіруге тиістіміз» деді.
Ортаға салынған ойға аудандық прокуратураның прокуроры Ернұр Талантов да өз ойын қосып, бірінші кезекте бала тәрбиесіне ата-ана, екіншіден ұстаздар қауымының да  жауапты екенін жеткізді.
Одан әрі аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының аға инспекторы Қ.Үсенов, аудандық емхана психологы Ж.Искаков, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Наурызбай Орын­басаров, аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы Жайна Жиенбаева тәрбиелік бағыттағы баяндамаларын оқып, ойланбастан жасалған қылмыстың салдары жазаға, тіпті қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын түсіндірді.
Аудан прокуроры Дарын Елтай­ұлы колледж студенттерінің ара­сында белең алған құқық бұзу­шылықтарға, олардың себеп­тері мен салдарына тоқталып, оның алдын алуда нәтижелі іс атқаруға жөн сілтеді. Өз-кезегінде колледж студенттерінің ата-аналары тарапынан бұл бағытта бірқатар ұсыныс-пікірлер ескеріліп, олар хаттамалық шешіммен рәсімделді.
Бүгінде Жаңақорған аудандық прокуратурасының бастамасымен әзірленген «Аудан көлемінде кә­ме­летке толмағандар арасын­дағы профилактикалық іс-шара­лар» жоспарына сәйкес кент пен ауылдық округтерде жұмыстар жалғасын тауып келеді.
Лаура БИБАСАРОВА
25 наурыз 2021 ж. 814 0