Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жасөспірімдер қауіпсіздігі – басты міндет

Жасөспірімдер қауіпсіздігі – басты міндет


Аудан әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті.


Комиссия отырысында екі мәселе қаралды. «Құқық бұзушы­лықтың профилактикалық шара­лары» мәселесі және 2020 жылдың есепті мерзімі бойынша 9 ай қорытындысы бойынша аудан­дық жергілікті полиция қызметінің бастығы Ербол Әлімбеков баян­дама жасады.
– Жергілікті полиция қызметінің ұйымдастыруымен құқық бұзушы­лықтың алдын алуда және болдырмау бағытында жүйелі жұмыс атқарылуда. Нәтижесінде қоғамдық орындар мен көшеде жасалған қылмыстар, мас күйінде және сотты болғандардың қаты­суымен жасалған қылмыстар саны азайды. 2019 жылмен салыс­тыр­ғанда атыс қаруымен жасалған және жасөспірімдер арасындағы қылмыс саны төмендеді.
Айта кететіні жасөспірімдер арасындағы қылмысты болдыр­мауда, кәмелеттік жасқа толмаған­дардың құқығын қорғауда, олар­дың мәселесін шешуде тын­дырымды істер атқарылуда, – деді по­лиция басшысы.Оның сөзінше, кәмелетке жа­сы толмағандар арасында кез­десетін құқықбұзушылықтың ал­дын алу бағытында аудандағы мек­тептермен тығыз байланыста жұмыс істейді.
Жасөсіпірімдердің өмірге деген қызығушылығын арттырып, өнер-білімге ынтасын оятуда ата-ана мен ұстаздар қауымының бірлесе жұмыс істеуі маңызды. Сондай-ақ психологтар мен медицина мамандарын жұмылдыру арқылы келеңсіз жағдайдың алдын алуға мүмкіндік мол.Баяндамашыны мұқият тыңдаған комиссия төрағасы Дархан Есалыұлы: «Сіздің баяндамада жоспар бар, алгоритм жоқ. Алдын алуда немесе орын алған қылмыстың санын қысқартуда қандай жұмыстар жүргізілетіні нақты емес. Менің білуімше, 207 бала ерекше назарға алынып, сіздерде тіркеуде тұр. Бұл көрсеткішті қысқарту керек. Осы бағытта қандай шаралар жасау керек? Соны айтыңыз...», – деп нақты талап қойды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе «Кәмелетке толмағандардың ара­сында өз-өзіне қол жұмсау фак­тілерін болдырмауда меди­цина мамандары мен мектеп пси­хологтарының бірлескен жұмыс­тарын ұйымдастыру» бары­сы тал­қыланды.
Комиссия төрағасы бұл бағытта атқарылып жатқан жұмысқа көңілі толмайтынын жеткізіп:
– Мектеп ұжымы күн­делікті оқушыларды қадағалауды назар­дан тыс қалдыруда. Сіз­дердің ау­дандық полиция бөлімімен бір­­лесе жұмыс жасамаудың сал­дарынан құқық­бұзушылық саны артты. Мәселен, кәмелеттік жасқа толмағандардың алкогольдік ішім­дік, есірткі, пси­хотропты және сол тектес заттарды тұ­тынуы жөнінде 2019 жылдың 9 айында 2 жағдай тір­келсе, биыл 8 жағдай орын алып, сотқа жолданды. Кәмелеттік жасқа толмағандардың заңды өкілінсіз түнгі уақытта тұрғын жайдан тыс жерде болу дерегі былтыр 190 болса, биыл 188 құқықбұзушылық орын алды. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әркет бойынша 4 жағдай тіркелді. Ең сорақысы, биылғы жылғы есептеріңіз бойынша кәмелеттік жасқа толмағандар арасында орын алған деректер комиссия отырысына ұсынылмай, жасырып қалу фактісі тіркелді. Неге? – деп білім бөлімінің өкілдеріне шүйлікті.
Бұған аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Мейір­хан Оспанов былай жауап берді: «Ауданда білім беру ұйымдарында мектеп психологтары медицина мамандарымен бірлесе отырып жүйелі жұмыс атқаруда. Маман­дардың көмегімен сауал­нама жүргізіліп, әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы «ерекше назарға» алын­ған балалар медицина маман­дарына ұсынылады. Қазіргі таңда ауданда 258 қолдауды қажет ететін оқушы бар. Оның 57-сі психологиялық қолдауды қажет ететін «тәуекел» топқа, 201-і «ерекше» назарға алынды. Бұл оқушылардың әлеуметтік желідегі аккаудты күнделікті бақыланады. Осы жұмыстардың нәтижесінде алғашқы 9 айда суицид жағдайы тіркелген жоқ. Алайда суицидке бекінген 1 жағдай тіркелді. Мұны бала отбасындағы әке мен бала арасында кикілжіңнен туындағанын түсіндірді», – деді.
Дархан Есалыұлы тағы бір жайттың басын ашты. Келінтөбе ауылындағы дүкенге ұрлық жасамақшы болған оқиға мен кент ішіндегі көшеде орын алған бұзақылық және ұрлық мәсе­лесіне мектеп оқушыларының қатысы бары анықталғанын айтып, осы бағытта қандай шара қабыл­данғанын сұрады.
Оған аудандық білім бөлі­мінің бас инспекторы Мира Жан­дарбекова: «Оқушыға құқық­тық тәрбие беруде олардың құқықтық сана-сезімін бірінші кезекте қалыптастырудың маңызы зор. Өзіңіз айтып кеткендей жағдайлар орын алмас үшін білім бөлімі мектеп психологымен, ата-анамен, сынып жетекшімен, ең бастысы, аудандық емханамен салааралық байланыс жұмысын жолға қойдық. Осы тұста ата-ана тарапынан бізге үлкен қолдау керектігін айтқым келеді. Бірігіп жұмыс жасағанда ғана жағдай тұрақталады», – деп ойын жеткізді.
Осы мәселе төңірегінде аудан­дық аурухананың бас дәрігері Яхия Шорабаев өз баяндамасын былайша өрбітті.– Қазіргі таңда ауданаралық аурухана бойынша 7 психолог пен 20 әлеуметтік қызметкер кәмелетке толмаған жасөспірімдермен жұмыс жасайды. Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша өз-өзіне қол жұмсау фактісі тіркелген жоқ. Мектептер мен аграрлық колледж арасында «Жастар арасындағы күйзелістің алдын алу жолдары», «Шаттық күні», «Жақсы сөз-жан азығы», «Отбасындағы кикілжің мен дағдарыстың алдын алу» бағытында семинарлар, тренинг, акция және дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.
Бірақ төтенше жағдайға байланысты бұл шаралар тоқтап, «Жастар денсаулық орталығы» бөлімшесінің ашқан әлеуметттік желісінде түсіндірме жұмыстары жалғасын тапты. Нәтижесінде 17 сабақ ұйымдастырылып, 24 отбасының мүшесімен жұмыс атқарылды. Тәуекел тобына алынған 43 баланың 17-сі психиатр дәрігердің көмегіне жүгінсе, 5-і ем алған, – деп тындырымды жұмыстың нәтижесін баяндады.

Осыдан соң «Кәмелетке тол­маған жасөспірімдерді құқық­бұзушылыққа не итермелейді?», «Мектеп пен ата-ана арасындағы байланыс қалай?», «Жасөспірім өз құқығын біле ме?» деген сауалдар төңірегінде сала мандары өз ой-пікірлерін білдіріп, тақырыпты жан-жақты ашуға мән берді.
Қоғамдағы басқа да құқық бұзушылыққа әсері бар жағ­дай­лардан қалай сақтануға бо­ла­­тынын ортаға салған ко­миссия мүшелері мектеп пен отбасы арасындағы байланысты нығайтып, бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеудің жолын сөз етті.

Лаура БИБАСАРОВА
05 қазан 2020 ж. 822 0