№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Дефектолог мамандарға сұраныс артты

Дефектолог мамандарға сұраныс артты

Дефектологтың деңгейін сөз етпес бұрын, оның қызметі туралы айтып өтейін. Дефектология деген сөзді латын тілінен аударсақ, жетімсізділікті дамыту деген ұғымды білдіреді. Яғни, әр баланың бойындағы кемшіліктерді толықтыру үшін жүйелі жұмыс істейді. Соңғы жылдары түрлі әр түрлі патологиясы бар сәбилер саны артты. Міне, сондай өспірімдерді ортаға бейімдеуде дефектологтардың сұранысы артты.

 
Бір баланың тілі мүкістігі бар болса, енді бір баланың ойлау қабілеті кемшін болып жатады. Бұл неден? Меніңше, балаларға екі жақты әсер бар. Біріншісі, ата-ананың жатырда жатқан нәрестеге жеткілікті деңгейде дәрумен бере алмауы, сәби кезінде дұрыс тамақтандырмау, жеткілікті көңіл бөлмеу де бала дамуына кері әсерін тигізеді. Бүгінгі ата-аналар баласына ойыншық әкеліп бергенімен, бірге ойнауды, бірге әңгімелесуде дағдыға айналдырмайды. Тіпті көп ата-аналардың бала бағуға ниеті байқалмайды. Міне, осының салдары дефектісі бар балалардың санын арттыруда. Екіншіден, экологияның да әсері көп. Тек қуалайтын жағдайлар аз емес. Баланы таза табиғи тағаммен қоректендіру деңгейі жыл санап азаюда. Анасының сүтін қорек етпеу, айран-сүт секілді дәруменге бай азықты тұтынбау баланың иммунитетін түсіреді. Ата-аналар көше тамақтарының орнына үнемі табиғи тағамды тұтынғаны дұрыс. Әйтсе де, оған көп ата-аналар бұған мән бермейтіні түсініксіз…
Біздің ауданда мектепке дейінгі мекемелерде 7 дефектолог қызмет етеді. Олардың барлығы мемлекеттік бала­бақ­шаларда орналасқан. «Болашақ», «Аялы Алақан», №19 «Раушан», «Бәйтерек», «Жадыра», «Құралай» және №28 «Ақбота» балабақшасында де­фек­­толог мамандар бар. Олар әрбір бүлдіршінге жеке жоспар құрып, дамыту жұмысын атқарады. Қалған мекемелердегі балалар мектепке жақын қалған сәтте аудандық психологиялық түзету кабинетіне келіп, тексерілуден өтеді. Әрине бір қарағанда балада барлық жағдайы жақсы көрінгенімен, көп балаларда психологиялық-дефек­тологиялық көмекті қажет ететіні анық­талады. Бір жылда дефектологтан екі мыңға жуық бала қаралады. Олардың көбі ойлау қабілетінің тежелуі, сөзді толық айтпау, неврологиялық мінез-құлықтармен шағымданады.
Аудандағы дефектологтардың дең­гейін сөз етсем, барлығы да тәжірибелі мамандар. Қаншама дефектісі бар, мүмкіндігі шектеулі балалардың қатарына қосылуына, қабілеті мен зейінін ашуға аялы уақытын арнап келеді. Олардың 5-і жоғары санаттағы педагогтар. Жұмысты жетілдіру мақсатында елдегі білікті мамандармен тәжірибе алмасудамыз. Нұр-Сұлтан, Алматы қаласындағы ірі орталықтармен тығыз байланыс орнаттық.
Меніңше, баланы ерте жастан дамытуды қолға алған жөн. Баланың даму динамикасына сай әрбір жастағы баланы салыстырып, зертеп отыру маңызды. Тәрбиешілер тобындағы ұяң немесе өте қимылшыл, болмаса сабаққа зейіні жоқ балаларды дефектологқа жолдауы қажет. Көп тәрбиешілер осы мәселеге немқұрайлы қарауы мәселені ушықтырады. Тәрбиеші қайтпек керек? Баланың даму индикаторын әзірлегенде топтағы баланы үшке бөледі. Бірінші деңгейдегі балалар іс-әрекетті қайталауы керек, екінші топтағы балалар сөзді түсінеді, белгілі деңгейде сөз қоры бар. Үшінші топтағы бала өзінің ойы қалыптасқан, ойын анық жеткізеді. Міне, айтқаныңызды қайталап, немесе әрекетініңізге селт етпесе, онда шұғыл дефектологқа көрсету керек.
Тіл дефектісімен ауданда 3-6 жас аралығында балалар өте көп. Бұл да ата-ана үшін ойланатын жағдай. Тілді дамыту үшін балаға үнемі тіл жаттығуларын жасау керек. Әрине, бұл жерде логопед мамандарының кеңесі керек. Маман көрсетпеген жаттығуларды жасаудан аулақ болу керек. Егер қандай да бір балаңыздың көңіл-күйінде мазасыздық байқасаңыз, аудандық психологиялық-педогогикалық түзету кабинетіне келіп, тегін кеңес алуға болады.
 
Динара ШУКЕЕВА
 
14 ақпан 2021 ж. 1 062 0