№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Баланың ернінен неге сүюге болмайды?

Баланың ернінен неге сүюге болмайды?

Дүниеге келгеннен кейін cәби үшін әке-шешесінің денесіне өзін жақын сезінуі өте маңызды. Яғни, нәрестені әке-шешесі құшақтап, сүйген кезде ол өзін сенімді сезінеді.

Дегенмен, ата-аналар балаларын жақсы көретін болса және оларға физикалық немесе рухани тұрғыдан зиянын тигізгісі келмесе.
Балалардың ернінен сүюдің мынадай зияндары бар:
  • Иммунитеттері әлсіз болғандықтан, біздің аузымыз арқылы микроптар ағзасына тезірек өтеді де жиі сырқаттанады.
  • Ұшық, безеу, тіс етінің жаралары секілді инфекциялардың өту қауіпі бар. Әсіресе, нәрестелер мен балалар үшін ұшық өте қауіпті.
  • Балаларға жыныстық тәрбие беру барысында денелерінің өздеріне ғана тән бөлігі бар екенін және ол жерлеріне ешкімнің қол тигізуіне рұқсат бермеуі керек екенін айтып жатқанда, егер ата-ана өзі баласының ернінен сүйетін болса, баланың санасында қарама-қайшылықтар туындайды.
  • Ата-анасы ернінен сүйетін балалар басқалардың да ернінен сүюіне қарсылық білдірмейді. Өйткені, балалар үшін ата-аналарының барлық ісі дұрыс болып есептеледі және рұқсат етіледі деп ойлайды. Осылайша, олар өздерін жаман ниетті адамдардың іс-әрекетінен қорғай алмайды, тіпті олардың бұл әрекетінің жаман және зиянды екенін түсіне де алмайды.
  • Әкесі ұлының, анасы қызының ернінен сүйген кезінде бала жыныс анықтауда қиналу, өскенде басқа жынысты таңдау,яғни өз жынысын иелене алмау секілді қауіптерге жол ашуы мүмкін.
  • Әкесі қызының, анасы ұлының ернінен сүюі болашақта әке-шеше мен баланың арасындағы қарым-қатынасқа кері әсерін тигізуі мүмкін. Тіпті, бұл балалар ертең үйленген кезінде отбасылық өмірі мен жыныстық өмірінде де қиындықтарға душар болуы мүмкін.
  • Еріннен сүю жыныстық белгілерді де қамтитындықтан, балада жыныстық дабыл ерте қағылып, баланың басы қатады әрі оның дамуына да кері әсерін тигізеді.
  • Әке-шешесі тарапынан ернінен сүйілетін бала мектепте досының немесе үйге келген қонақтың ернінен сүюге тырысса, онда оның бұл әрекеті қоғамды өз орнын табуына зиянын тигізеді.
28 маусым 2019 ж. 1 196 0