Дәрігер болуды армандаған мен үшін бұл үлкен қуаныш
Соңғы күндері елді жайлаған тұмау, жүрек ауруы, қан қысымының көтерілуі жиілеп барады. Кенттегі кез келген дәріханаға кірсеңіз, дәрі-дәрмек алушылардың ұзын-сонар кезегін көруге болады. Тұмауға қарсы тұрғындар мүмкіндігінше үйде ем алуға мәжбүр. Ал ауылдағы ағайын дәрігер есігін жиі қағып, алғашқы көмек алуға асығуда. Біз Төменарық ауылыдық округінің жалпы тәжірибелік дәрігері Шолпан Серікқызымен сұхбат барысында осыны аңғардық.
– Күніне кем дегенде 25 тұрғынды қабылдап, емін жазып береміз. Егер ауруы асқынған жағдайда аудан орталығына жібереміз. Шыны керек, жаз мезгілінде пайда болатын қан қысымы мен қазіргі жағдайдағы тұмаудың асқынуы бізді де алаңдатып отыр. Тұмауды емдеудің жолы үйде оқшауланып, керекті емін уақытылы қабылдаса болғаны. Ал жүрек ауруы, қан қысымын емдеу күрделірек. Сондықтан көмек сұрай келген тұрғындарға барынша қызмет етуге тырысудамыз, – деді дәрігер.
Жүгі ауыр, жауапкершілігі мол қызметті абыройлы атқарып келе жатқан Шолпан Абдуллаева Төменарық дәрігері. Осында қызметке орналасқанына бір жылға жуықтаған жас дәрігердің қызметімен танысып, жұмыс барысын біліп қайттық. 5 мыңнан астам тұрғыны бар Төменарықта Зөре Қанекеева есімді білікті дәрігермен Шолпан Серікқызы бірге қызмет етеді.
– Айта кетейік, бізге Қожамберді ауылы да қарайды. Өйткені бізде емхана бар, яғни орталық бізде. Шыны керек тұрғындар тарапынан уақыт санаспай қоңырау жиі түседі. Әсіресе соңғы күндері жағдай ушығып кетті. Әр адам өзін шама-шарқынша оқшаулап, егер науқастанған жағдайда дәрігер кеңесімен ем-дом қабылдауы тиіс. Маска тағып жүруі міндетті, бұл аурудың жақындарына жұқтырмаудың жолы деп қарайық, – деді дәрігер.
Шынында, сақтықта қорлық жоқ. Бәрінен бұрын осы кеселді аман-есен еңсеруде табандылық танытып, дәрігер кеңесін тыңдаған абзалырақ болады. Дәрігердің айтуынша, бүгінгі денсаулық сақтау саласы аурудың алдын алу бағытында жұмыс атқаруда. Әсіресе, электронды қызметке баса назар аударылып, медициналық карталардың барлығы электронды түрге көшіп жатыр. Келесі жылдан бастап, тұрғындарға барлық қызмет түрі электронды түрде көрсетілетін болады. Бұл – науқас пен дәрігерді қағазбастылықтан арылтып, уақытты үнемдеуге көмектеседі.
Жалпы қандай сала болмасын, ізденімпаздықты талап етеді. Сондықтан дәрігерлер үнемі оқу курстары мен тәжірибе алмасу алаңдарында болып тұрады. Шолпан дәрігер де осы жолда жүр, былтыр анкологиялық ауруларды емдеу бойынша семинарға қатысып, тәжірибесін толықтырып келді.
– Негізі менің мамандығым педиатор, дегенмен дәрігерлік қызметтің жүгін көтеріп жүргеннен кейін тек сол салаға байланып қалу шарт емес. Сондықтан дәрігер болуды армандаған мен үшін бұл үлкен қуаныш. Өзім кенттегі №163 орта мектепті тәмамдап, Ақтөбе қаласы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетте білім алдым. Шыны керек біздің әулетте дәрігер мамандығын таңдаған мен ғанамын. Абыройлы қызметтің биігінен көрініп, ақ халатты деген атқа кір келтірмеу басты мақсатым, – деді кейіпкеріміз.
Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін, әсіресе жүкті келіншектердің денсаулығына жауапкершілікпен қарайтын дәрігердің қызмет барысы осындай. Дәрігерлердің алаңдайтыны үлкендерден табылған тұмау балаларға жұғып кетпесе деген ниетте. Әрине бала болашағымыз, сондықтан жас болса да, қызметіне адал, тәжірибелі дәрігердің кеңесі бойынша ем-дом қабылдаған жөн. Қызметі қауырт дәрігер туралы түйген ойымыз – қазіргі ахуалда олардың еңбегі ерен.
Әли ТЕМІРБЕК