№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ДӘРІГЕРЛЕР ДӘРЕМЕТІ

ДӘРІГЕРЛЕР ДӘРЕМЕТІ

Сунақ ата ауылдық округіне қарасты Еңбек деген шағын елді мекен бар. Аядай қоныста 500-дей халық тұрады. Негізгі еңбек көзі ауылшаруашылығы. Оның ішінде, төрт-түліктен несібесін ажыратып отыр. Одан бөлек мектеп пен балабақшада қызмет етеді.



Қоғамның негізгі байлығы – адамның саулығы десек, ондағы дәрігерлік бекеттің қызметіне де сұраныс жоғары. Былтыр ашыл­ған медициналық бекеттің тыныс-тірші­лігімен танысып, ақ халатты абзал жандардың ауыл үшін жасап жатқан қызметін тоқталмақпыз.
Дәрігерлік бекетте 5 қызметкер тұрақты жұмыспен қамтылған. Алдымен, аға дәрігер Гүлжахан Ақмолдаеваға жолығып, әңгімеге тарттық. Денсаулық сақтау саласында жүр­геніне 30 жылдай болған тәжірибелі маман еңбек жолын Шиеліде бастап, бүгнде ауылдағы ағайынға қалтқысыз қызмет етуде.
– Мекеме тәжірибелі, білікті мамандармен толыққан. Дәрігер Әбілжан Досмағамбетов пен фельдшер Ақылжан Сәрсенбаевтың жұмыс өтіліне бірнеше жыл болды. Олар жұмысына адал. Әрі өз уақытын аямайтын мамандар. Белсенді мамандар тұрғындарға сапалы қызмет көрстуде аянып қалған емес, – деді дәрігер Гүлжахан.
Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін, әсіресе жүкті әйелдердің денсаулығына жауапкершілікпен қарайтын дәрігерлердің қызметі қауырт. Күніне кем дегенде 7-8 тұрғынға медициналық көмек көрсетіп, сыр­қат жандардың дәрі-дәрмегін уақытылы қабылдауына бақылау жасайды.
– Дертіне дауа іздеген тұрғындарға сіздерде қандай мүмкіндік бар?
– Біз балаларға екпе, тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеміз. Үлкендерге система салу, аудан орталығына жолдама беруге мүм­кіндік бар. Яғни, алғашқы көмек көрсету біз­дің құзырда. Қазір барлығы электронды болғандықтан, күнделікті компьютерге мәлі­меттерді енгізіп отырамыз.
Иә, қазір барлық жүйе автоматтандырылған. Үйде отырып-ақ дәрігерге алдын-ала жазылып, тексеріліп тұруға болады. Сондықтан, елді мекен тұрғындары дәрігерлік бекетке алғашқы көмек алу үшін келеді. Себебі, кез-келген аурудың емі – оны алдын алуда.
– Диспансерлік есепте 65 адам тұрады. Олар ай сайын тегін дәрі-дәрмекпен қам­тамасыз етіледі. Бес жасқа дейінгі балаларға патронаждық көмек көрсетіледі. Күн-түн демей денсаулығы сыр берген тұрғындарға алғашқы көмек көрсетіп, алдын алу жолдарын қарастырамыз. Әйтпесе, қарапайым тұмаудың өзі асқынып кетсе оның емдеуге біршама уақыт кетеді. Сондықтан, қандай сырқат болмасын алдын алып отырған маңызды. Жалпы алғанда ақ халатты абзал жан деген атқа лайықты болуға тырысып жүрміз, – деді аға дәрігер.
Медициналық қызмет сапасы халық­тың әлеуметтік көңіл-күйінің аса маңызды ком­поненті болып саналады. Бұл жөнінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында мәлім етті. Құнды құжатта, әсіресе, ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз ету қажет екені айтылды.
– Дәрігерлік сала жауапкершілігі мол мамандық. Әсіресе, ауылдағы жұртқа қал­тқысыз қызмет көрсету үлкен міндет. Гүлжахан Ақмолдаеваның ұжымы жұмысына көңіліміз толады. Қазір ауыл тұрмысы оңалып, жағдайымыз түзеліп келеді. Иә, кей-кейде дәрі-дәрмек жетіспей жататыны жасырын емес. Десе де, барлығы рет-ретімен шешілуде. Дәрігерлік бекетті көп күттік. Мұндай мүмкіндікті сыйлаған аудан басшысына рахмет айтамыз, – деді ауыл тұрғыны Раида апай.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.
15 маусым 2019 ж. 909 0