№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТӨМЕНАРЫҚТА ТІС ЕМХАНАСЫ ТҮНДЕ жұмыс ІСТЕЙДІ

ТӨМЕНАРЫҚТА ТІС ЕМХАНАСЫ ТҮНДЕ жұмыс ІСТЕЙДІ


Тісті емдетуді ойлап жүрген адам көп, себебі тіс аурулары дендеп барады. Осындайда тұрғындар сапалы қызмет ететін маман іздейтіні түсінікті-ақ. Осы тұрғыдан келгенде, төменарықтықтар ұзаққа бармауына болады. Онда дәрігер-стоматолог Сәбит Есмағамбетов ауылдастарына сапалы қызмет көрсетуде.


2013 жылы медициналық білімін аяқтап, Шиелі аудандық емханасында балалар тіс дәрігері ретінде жұмысын бастайды. Алты жылдай тәжірибесін шың­дап, біліктілігін арттырады. Сосын ауылдастарына қыз­мет етудің жолын іздейді. «Бастау» бағдарламасы бойынша ақысыз кәсіпкерлік курсын оқиды. Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы арқылы 6 пайызбен 2 млн. 800 мың теңге несие алып, «Нұрсәт» атты тіс емдеу орнын ашады.
– Оқушы кезімде жеке тіс ем кли­никасын ашу арманым болатын. Қазір ауыл тұрғындарынан бөлек Қожамберді, Сүттіқұдық және Сунақата ауылынан келіп емделетіндер де аз емес. Көбінесе тіс ауруы түнде мазалайтындықтан, науқастарға ыңғайлы болуы үшін түнгі 20.00-ден – 22.00-ге дейін жұмыс істеймін, – дейді кейіпкеріміз.
Ол екі адамды жұмыспен қамтып отыр. Олардың зейнетақы қорына жарнасы төленіп, ай сайынғы жалақысы уақытылы берілуде.
Оның сөзінше, балалар арасында тіс жегі, ұлпаның қабынуы көптеп кездеседі. Оған себеп, тіс тазалау гигиенасының сақталмауы. Ата-аналар балаларын тісті тазалау мәдениетіне үйреткені абзал. Одан бөлек перодонтитке шалдыққан ересектер жиі келеді.
Дәрігер тіс ұлпаларының өсуі, тіске қақ тұрудың негізгі себебінде түсіндірді.
–Тістің арасына қыстырылып қалған қалдық тамақтардың бактериялануынан пайда болады. Бұл – тіс түбі қанауының басты себептерінің бірі. Сондай-ақ, С дәрумені ұзақ уақыт жетіспегендіктен, тіс түбі ұлпаларының ұсақ тамырларының кеуіктігі артып, сіңірімділігі жоғарылап, оңай қанайды. Тіс ауруы тістің ғана ауруы болмауы мүмкін. Сондықтан тістің түбі бірнеше күн қанап басылмаса және ауыз қуысынан бөгде иіс шықса, оған қоса қақсау, қызу, мұрыннан су ағу және басқа да қатерлі аурулардың белгісі байқалса, дер кезінде дәрігерлердің көмегіне жүгіну қажет, – дейді төменарықтық тіс дәрігері.
Шымкент қаласынан соңғы үлгідегі құрал-жабдықтарды алдырған дәрігер тісті жұлумен қатар, емдеу шараларын да жасайды. Оның қызметіне жүгінген ауыл тұрғыны Мейрамбек Қалдыбеков:
– Егер аудан орталығына бара қалсаңыз бітпейтін ұзын-сонар кезек көресіз. Түнгі мезгілде жұмыс жасайтын тіс емдеу орталығының ауылда болуы біріншіден, уақытты үнемдесе, екіншіден, таксипұл қаржысы қалтаңда қалады. Мен де Сәбиттің қызметіне жүгінген адаммын. Тіс емдеу барысындағы жұмысына көңілім толды, – дейді.
Түнде жұмыс істейтін Төменарықтағы тіс емдеу орны заманауи құрылғылармен жабдықталып, сапалы қызмет көрсетуді жолға қойғанын көрдік. Тұрғындардың уақыты мен қаржысын үнемдейтін осындай орталықтар барлық ауылда болса екен деп ой түйіп қайттық.

Лаура АЙДАРХАН
20 шілде 2019 ж. 1 996 0