Аллаберген Ахметовтың өзіне артқан сенімін толық ақтапты
№167 «Жаңарық» орта мектебінің түлегі Ғазиза Бегентаеваның осы оқу орнын бітіргеніне отыз жылдан асыпты. Осы өмір жолында соңына бұрылып қараса, кеше, алтын ұя білім ошағында өзінен артығырақ үміт күткен аяулы ұстаздары,айрықша сол кезде орыс тілі мен әдебиетінен дәріс берген тәлімгері – Аллаберген Ахметовтың өзіне артқан сенімін толық ақтапты.
Қазірде аудандағы тәжірибелі ұстаз санатындағы көшбасшы тұлға Ғазиза Бегентаеваның бүгінге дейін шыққан биігі мен шәкірттерінің жыл сайынғы жетістіктері осы сөзіміздің дәлелі.
Орта мектептен соң Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетінің орыс тілі мен әдебиеті факультетін тәмамдаған жас 28 жыл аудан орталығындағы №3 мектеп – интернатында дәріс берді.Соңғы жиырма жыл көлемінде мектеп директорының ғылыми істер жөніндегі, одан әрі тәрбие істері жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды.
Өткен оқу жылынан бастап Ғазиза Әлайдарқызын аудандық оқу бөлімі басшылығы «Билібай» мектебіне директор етіп тағайындау жөнінде шешім қабылдауы да жауапкершілігі мол, берілген тапсырманы тиянақты атқаратын, бәрінен бұрын бала тағдырына жанашырлықпен қарай білетін ұстаздың үлкен жүректі қадір – қасиетін бағалаудан туған тұжырым болса керек. Ғазиза бас тартпады.Көңілінің арғы түкпірінде шалғайда жатқан еңбекші қауымның келешек үміттеріне деген бір қамқорлық сезім қамшылап, солардың қорғаны болуға итермелеген игі мақсатпен осы оқу орнына басшылыққа келді. Келсе...шынында орталықтағы мектептер мен ауыл мектебі арасында айырмашылық айтарлықтай алшақ көрінді. Ал мұны жоюдың жолы қандай? Ең бастысы - адам факторы.Әрбір тұлғада анық бір ықыласты талап, ымыралы бірлік болған жерде алмайтын қамал жоқ.
Білім көрсеткішін көтерудің кілті – кадр сапасында.Ғазиза осыны мақсат етіп қойды.Ал қарамағындағы ұстаздарға қойылатын талап дегеніміз - қамшы үйіріп қаталдық таныту деген сөз емес, олардың әрбірінің титтей жетістігін ескеріп, одан да үлкен шығармашылық ізденістерге жігерлендіру, білмегенін үйрету, ақыл – кеңесімен бөлісу, айналып келгенде, ауыл өмірін алға оздырудың кепілі – мұғалім келбетін кемелдендіруді көздеді. Басқарушылық та, ұйымдастырушылық та жұмысында осы принципінен танбайтын тұлға мұны өз тәжірибесінде толық дәлелдеген.
Білімді басшының болғаны – шәкірттің бағы жанғаны
Біз осы жерде сәл ғана шегініс жасап, кейіпкеріміздің жетістіктеріне тоқталып өтейік.
Өзі дәріс беретін орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша Бегентаеваның шәкірттері талай бәйгелерде топ жарып жүр. Аудандық, облыстықты былай қойғанда республикалық, халықаралық олимпиадаларда шәкірттері алдыңғы қатарлардан табылып келеді.. Осы еңбегі бағаланып, 1998 жылы ол «Астана» медалімен марапатталды.Осы жылы облыс бойынша «Жыл мұғалімі» атағын еншіледі.
Осындай табыстар жыл өткен сайын толыға түспесе кемімегеніне қарап мұғалім өмірі үздіксіз ізденістен, ерінбей еңбектенуден ғана тұратынын толық мойындадық.Қараңыз, 2019 жылы да Халықаралық пән олимпиадасында орыс тілінен шәкірті Дәулет Мақсат 1 – орынды қанжығаласа, республикалық эссе жазу байқауында оқушысы Жарқынбек Іңкәр 3 – орынды алып, аудан мерейін биіктетті.
Ғазиза алдымен өз-өзіне талапшыл ұстаз. Педагогикалық қауымдастығы «Мұғалім көшбасшылығы» білім беру бағдарламсы бойынша академиялық оқыту курсын тәмамдаған ол өзі де оқулықтың авторы.Орыс тілі мен әдебиетін оқыту өдістемесін құрастырған білікті маман.
Бұл жөніндегі сұрағымызға ол «Кез келген өз пәнін терең меңгерген тұлға жинақтаған методикасы бойынша бағдар түзіп байыпты оқулық жазып шығуды парызым деп түсінгені жөн» деп жауап берді.
Мына карантиндік режим көп жаңашыл істерге қолбайлау болып тұр екен. Әйтпесе әлі күнге дейін жоғары санатты ұстаздар іріктеліп шыға алмай отырған ауыл мектебі мәртебесін көтерудің көп жоспары қордаланып тұр. Өзге мектептердегідей бұл оқу ошағыеда да «Шебер ұстаз», «Зерттеуші ұстаз» неге болмасқа?
Мектеп ұжымы ауыл өмірімен де тікелей байланыста. Бүгінде «Билібайдың биік тұлғалары» деп аталатын фейсбук желісінде тұрақты парақша қалыптасқан. Онда шағын ауылдағы түрлі өнер мен кәсіп иелері насихатталып келеді. Мұны ұйымдастыруды мектеп басшысы өз назарынан сырт қалдырған емес. Өйткені жақсы шәкірт толыққанды зиялы отбасында тәрбиеленгені мемлекеттік деңгейдегі мұратымыз.
Баян Үсейінова