Сұхбат

Бплп дәрігері

06 наурыз 2023 ж. 1 007

Үздік Шопан

23 ақпан 2023 ж. 1 040

Денсаулық зор байлық

16 ақпан 2023 ж. 2 852

Денсаулық зор байлық

11 ақпан 2023 ж. 1 354

Алғыс арқалаған азамат

28 желтоқсан 2022 ж. 1 562

Елге адал қызмет ету мақсатым

27 желтоқсан 2022 ж. 1 554

№22 (8630) 18

20 наурыз 2023 ж.

№21 (8629) 14

14 наурыз 2023 ж.

№20 (8628) 11

11 наурыз 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» БІЗДІҢ ЖОҒАРЫ БАЛЛ – 124

БІЗДІҢ ЖОҒАРЫ БАЛЛ – 124

Иә, ҰБТ қорытындысымен Жаңақорған ауданы бойынша ең жоғары балл – 124. Оны №51 мектептің оқушысы Назира Иса жинады. Біз «Алтын белгі» иегерінің қуанышына ортақтасып, білім бәйгесінде жоғары дәрежеге қол жеткізудің сырын білдік.

№51 М.Қаратаев атындағы мектептің бай тарихы бар. Көне мектептің бірі. Онда Қазақстанның дамуына үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткерлері көптеп түледі. Яғни, білім беруде өзіндік өрнегі қалыптасқан. Оған Назираның жоғары балл жинағаны дәлел.
– Ата-анамның жіті бақылауы мен ұстаздарымның сапалы білім беруінің арқасында 1 сыныптан үздік оқыдым. Тестілеуге 9 сыныптан бастап дайындалдым. Әсіресе мектеп бағдарламасын меңгеруді, қосымша әдебиеттер оқуды жолға қойдым. Сапалы білім алудың нәтижесінде 120 балдан жоғары алатыныма сенімді болдым, – дейді білімпаз жас.
Ол жетістікке жетуде әкесі Әбдіраман мен анасы Заримаға және сынып жетекшісі Набат Әділбековаға, математика пәнінің мұғалімі Азамат Әбілқасымға, қазақ тілі пәнінен тәлім берген ұстазы Алима Бисенбековаға және тарихтан білім нәрімен сусындатқан ұстазы Айгүл Үсейіноваға алғысы шексіз екенін жеткізді. Сондай-ақ, орыс тілі мен орыс әдебиетінен дайындаған Баян Әйтілеуова мен Ғазиза Бегентаеваға ерекше ықыласын білдірді.
– Назира еңбекқор, ізденімпаз оқушы. Әрбір тақырыпты меңгеруге мән беретін зеректігі бар. Оның өзгелерден ерекшеленуіне осындай қасиеттері себепші болды, – дейді мектеп директоры Қалдыбек Ахметов.
Білімпаздың айтуынша, тестке кіргенде өз-өзіне сенімді болған.
– Мен үшін барлық пән бірдей жеңіл болды. Тестілеудің соңына дейін отырып, жауаптарымды мұқият сараладым. Екі пәннен 40 балдан алдым. Сұрақтар мектеп оқулықтарынан келді. Қосымша әдебиеттерді де оқығанымның пайдасы тиді. Себебі логикалық сұрақтарда жан-жақты білімділігің қажет, – дейді кейіпкеріміз.
Оның ендігі мақсаты Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне оқуға түсіп, кәсіби маман болып қалыптасу.
Иә, «...ана көрген тон пішер» демекші, анасы Зарима секілді орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болуды мұрат етіпті.

Лаура БИБАСАРОВА

---
29 маусым 2019 ж. 1 636 0