№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Аллаберген жүрген жерден «Алтын» шығады

Аллаберген жүрген жерден «Алтын» шығады


Туған күні 25-мамыр – дәстүрлі соңғы қоңырау салтанаты мейрамымен тұспа-тұс келген өзі де ағарту саласының майталманы Аллаберген Ахметовты 60 жасқа толған туған күнімен аудан халқы атынан құттықтауды парыз санап, құрметті ұстазды «Сенбілік сұхбат» алаңының төріне шақыруды мақсат тұтқан едік. Бұл тұлға туралы айтқанда оның №213 «Қыркеңсе» орта мектебін басқарған 2009-2010 оқу жылында 1 “Алтын белгі”, 2010-2011 оқу жылында тағы 1 «Алтын белгі», аудан орталығындағы №169 Н.Илялетдинов атындағы орта мектебіне басшылық еткен 2014-2015 оқу жылында 2 «Алтын белгі», 4 «Үздік аттестат» иегерін 2015-2016 оқу жылында тағы да 2 “Алтын белгі”, 8 “Үздік аттестат” иегерін шығарып, соңғы жиырма жылда бұл төңіректен ауылы алыстап кеткен жеңісті жарқыратқан еңбегі еске түседі. Содан кейін Аллаберген сынды кәсібіне көзсіз берілген азаматтарымыздың басқан ізі алтын деп әспеттемеске әддіңіз қалмайды. Сұхбаттасымызбен сауалымызды осы тақырыпта бастағанды жөн көрдік.
– Көңіл де бір көк дөнен. Еркіне жіберіп, басын қоя берсең қиядағыны қармап, жер мен көкті шарлап көксемейтіні кем. Көкейдегі көп арманға қол жеткізудің кілті неде? Алпыс деген қандай екен? Нені аңғарып, нені ойға түйдіңіз?
– Е-е, айтсам, Алпыс деген – атан түйе нардай екен. Аманаты ауыр, абыройы да аз емес. Сол жолдан өтіппін. Енді маңдайыңа бір емес, екі мүйіз шығады екен, бұрынғыдай біржақты омырауламайсың, екі жаққа тең көзі тастап, төрелігін төбеге беріп, ақылмен жеңіп, абайлап сөйлеп, аңдап басуға көшеді екенсің, – деп әзілдеп жауап берген Алекең өз өмір жолы туралы былай деп әңгімеледі:
– Орта мектептен соң жүрек қалауыммен Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы пединститутты тәмамдап, еңбек жолымды 1982 жылы Жаңарық ауылындағы №167 мектепте орыс тілі, әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастадым. Осы жерде жеті жыл еңбек еттім. Одан әрі аудандық оқу бөлімінде әдіскер болып қызмет атқардым. №125 орта мектептің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі, Шалқия орта мектебінің директоры болдым. 2009 жылы №213 «Қыркеңсе» орта мектебіне, одан әрі аудан орталығындағы №169 орта мектебіне басшылық еттім. Қыркеңседе жүргенімде мектеп жанынан шағын орталық ашуға қол жеткіздім. №169 орта мектебі ғимаратының ескіруіне байланысты жаңа мектеп құрылысы жөнінде көп ізденістерге бардым. Оның нәтижесі де жоқ емес.
– Сіздерді «Ұстаздар әулеті» деуге боларлықтай. Төрт бауырыңыз білім саласында жүр. Жарыңыз да өз коллегаңыз. Алматының аруын қалай қолға қондырдыңыз?
– Екеуміз бір институтта оқыдық. Жатақханада бірге тұрдық. Одан бұрын екеуміз студотрядпен құрылысқа бірге жол тарттық. Шойын жол төсеуде жұп болып жұмыс атқардық. Сол кезде қатты ұнатып қалдым-ау деймін. Еңбекқор екен. Ол бер жағы ғой. Әдебі, ибасы, ұстанымы көңіліме жылы орнықты. Адалдығына арқа сүйегім келді. Талайымды қолына сеніп тапсырдым. Ол да орыс тілі, әдебиеті пәнінің мұғалімі.
– «Арпа ішінде бір бидай» дегендей-ақ, ата-ананың алты қыздың ішінде алабөтен мәпелеп, көз тимесін деп тұмар тағып, құлағын тесіп, бөтен көзден тасалап өсірген еркетотайының шәкірт шағында талайды мезі қылған сотқар қылықтарына қанық болып қаламыз ба деген жымысқы ойымыздың сізбен орыс мектебінде қатар оқыған Әнуар Қалқожаев, Қазбек Ертаев, Перуза Исмаилова сынды сыныптастарыңыздың «Ол оқушы кезінде сондай скромный болатын, был автивным учеником деген темірдей нық харастеристикасынан кейін тас-талқаны шығып, тіліміз байланды. Олар сізді өте салмақты, бір істі мойнына алса бар пейілімен беріліп кететін дейді. Сабақты үздік оқыпсыз. Әсіресе денешынықтыруда алдына жан салмайтын көрінесіз.
– Қазір де солай. Жүгіруде Президент сынамасында талай рет жүлдені иеленіп келемін. Спорт деген саулық пен саламаттылықтың кепілі ғана емес, керемет көңіл-күйдің де кілті деп есептеймін.
– Отбасыңызда жолыңызды қуғандар бар ма?
– Қызым Дана – дәрігер, күйеубалам Омар мамандығы теміржолшы, ұлдарым Данияр техника саласының маманы, Алмат әскери қызметкер, Астанада тұрады. Алмасым – жеке кәсіпкер.
– Кісі бойында қандай қасиетті қадір тұтасыз? Өмірлік ұстанымыңыз не?
– Тазалықты. Нағыз адамдықтың айнымас формуласы бұл. Қанағатшылдықты қадір тұтамын, ең бастысы, өз құнын өзі қадірлей білген қайырға қауышады екен. Тағдырыма еш өкпем жоқ.
Артық сөзге жоқ, мақтаны кем сұхбаттасымыз айтарын осылай түйіндеді. Ия, алпысқа толды деген аты болмаса әлі де жиырмадағы жігіттей жұтынып, пейілін арғымақ қып ерттеп, жүрегін қолына алып, ел мүддесі жолында шапқылаудан шаршамайтын тарлан тұлғаға тауыңыз ешқашан шағылмасын, ерік-жігеріңіздің жеткенінше халқыңызға қапысыз қызмет жасай беріңіз деген шынайы тілегімізді жеткізгіміз келеді.

Баян алаудинқызы.
26 мамыр 2018 ж. 1 725 1

LesAtmold от 16 маусым 2019 01:21
Free Trial Generic Viagra Direct Generic Hydrochlorothiazide Medicine Cash Delivery Price Chinese Herbal Viagra viagra prescription Comprar Cialis Generico Contrareembolso isotretinoin order internet no physician approval Acquistare Viagra Online