» » Жаңа бағдарлама бойынша семинар өтті

Жаңа бағдарлама бойынша семинар өтті

№169 Н.Илялетдинов атындағы білім ордасында ағылшын тілі пәнінен мектепаралық семинар барысында ұстаздар шаралар ұйымдастырды. Семинар барысында ағылшын пәні педагогтары екі ашық сабақ, сахналық көрініс, жаратылыстану бойынша информатика пәні мұғалімдері сыныптан тыс іс-шаралар өткізді. Аудандық орыс тілі пәнінің әдіскері Н.Аширова мен кенттегі барлық мектептердің ағылшын тілі пәнінің ұстаздары қатысты.
Семинар барысында оқушылардың сөйлесуі, дикциясы, сөз тіркесінің қолдануы, сабақ белсенділігі, грамматикалық жаттығулар сабақ барысында қамтылды. Жаңа бағдарлама бойынша түрлі тәсілдермен өткен шараларға филиппиндік волонтер Лео қатысып, біліктілігімен бөлісті. Семинарды Анар Абиева «Мен кереметпін» тақырыбында шаттық шеңберінен бастады. Одан кейін, Жанар Тұрсынбаева «Wһat a stange place to love» тақырыбында, С.Белсенбаева мен Р Камалова «Spreadsheets» және Р Мархабаева «Family and friends» тақырыбында ашық сабақ өтті. Шара соңында аудандық ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің жетекшісі Бибайша Абжаппарова мен мектеп директоры Аллаберген Ахметов сөз алып, семинардың жоғары деңгейде өткеніне алғысын жеткізді.
Қатира КЕМЕЛОВА,
№169 орта мектептің
ағылшын тілі пәні мұғалімі
01 желтоқсан 2019 ж. 718 0