Майдангердің өмір жолы өнеге
Ұлы Отан соғысы буыны қатпаған жасөспірімді ерте есейтті. Соғыс басталғанда Әбласан Ахметов осы кезде 16 жастағы бозбала еді. Жастайынан еңбекке араласқан ол қырық үштің наурызында Отан алдындағы борышын өтемеккеәскерге шақырылды. Әрі қарай қан майданда жаумен айқасты. Жеңістің туын желбіретіпаман-сау елге оралған жауынгердің жауынгерлік жолы өнегеге толы.
ӘбласанАхметов 1925 жылы 9 мамырда Жаңақорған ауданыЖайылма ауылында дүниеге келген.Әкесі Ахмет Байбосынов пенанасы Шайкүл Нұрымқызы алтыбала тәрбиелеген үлгілі отбасы еді.
Төлесмектебінде бастауыш мек-тептібітіріп, жастайынан колхоз жұмыстарына араласыпкетеді. Соғыс оты шарпығануақытта қарттар мен жасбалалар 450 гектарбидай егіп, қол орақпенорып, масақ теріп,оны суырып Жаңақорғандағы заготзонағаатқос, өгізқос, түйеқосқа артып айдап апарады екен. Солбалалардың ішіндегі естияры бозбала Әбласанеді. Әйтіміш, Бектас, Әмзелер де жас балаларға басшы болып, бес есекке 100 келіден астықартып, жарты тоннаданасырып апарып төгіп отырған. Ауыреңбек бозбаланы ерте есейтті.
Солзаманда шешек ауруынанінісі Абдуоқап жас кезіндеқайтыс болса, 1942 жылыекі ағасы Кәрібаймен Камалдан қайтыс болғаныжөнінде де қара қағазотбасының қабырғасын қайыстырды.
1943жылдың 12 наурызындаәскер-ге шақыру келіп,ауылдасы Әйтіміш екеуі аттанады.Әбласанмен бірге 45 жігітәскери дайындықты 3ай Бішкек қаласында өткізеді.1943 жылдың маусым айында Курск қаласының түбінде соғысқа араласып кетеді.45 солдатты 45 машинаныңжүргізушісінің қасына отырғызып аэродормғасамолетке жанар-май тасып, жауәскерімен бетпе-бет келгенуақыттар да болды.Курск қаласында үш ай жүргізушілікті оқиды.
1944 жылы Бауыржан Момышұлының комасында дажүріп, соғысқан солдаттың бірі.1944 жылдың мамыр айындаБрянск қаласында мергендер даярлайтын(снайперлік) алты айлық курсқажіберіліп, бітіргеннен кейін8 тамызда Рига қаласынакеліп шабуыл жасап немістерді қырып салады. Балтық жағалауындағы елдерді азат ету кезінде Шоинбол қаласындажамбасынан жараланып, дала госпиталіндебір ай емделіп шығады.
Польшамен Германияның шека-расындакүн-түн демей соғысып,қырық бестің наурызында Германияның Люккау қаласына шабуылжасайды. Жауынгер Әбласанның мергендігінбайқаған взвод командирі жаудыңснайперінің көзін жоюды тапсырады.
Тыңдайындық пен мергендіктің арқасында жау әскерін жайратып салып, осы соғыста ерлігіүшін «За отвагу» медалімен наградталды.Арадан екі күн өткенсоң Кеңес әскеріұшақпен жау әскерін бомбалапұшып өтеді. Әбласан қанмайданда сол қолынан жарақат алып,Кенисберг қаласындағы госпиталға жеткізіледі.Бірнеше рет жарақат алғанжауынгердің рухы сөне қойғанжоқ. Емделіп шыққаннанкейін қайта майданға оралады.Калининград қаласында жан беріп,жан алысып Ұлы жеңісті осы жерде қарсы алады. Өлім мен өмір үшінкескілескен қан майдандағы ерлігінің елеуіаз болған жоқ.«За отвагу», «Мы победим за Берлин», Курск қаласын азатеткендігі жөніндегі медалі, Ерлігі үшінҰлы жеңістің аяқталғанына 50, 60,65 жыл толғандағымедалдарды кеудесіне тақты. Жеңістуы желбіреп соғыс аяқталсада Әбласан Ахметов біржарым жылнеміс тұтқындарын күзетіп, әскери міндетін жалғады.
1946жылдың 7 желтоқсанында туған елгеоралып, ата жұрттың топырағына тәуету бұйырды. Тума-туыспенқауышып, қуаныш еселенді. Хадиша Камаловаменшаңырақ көтеріп,бас құрады. Бұлот пен оқтың ортасында жүріп,талай рет жауоғына ұшқан бозбаланың бірмұраты еді. Осы уақыттамайданнан келген сарбаздарды туған жердітүлету жолында еңбекке тартты. Сунақата каналын қазуға көппен бірге жұмыла кірісіп кетті. Ол жерде үш айға жуық жұмыс атқарады.
2010жылы Ұлы жеңістің65 жыл толуына орай Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтыңқолынан құрметке бөленіп қайтты. Ауыреңбекпен шыңдалған Әбласан Ахметов ауылөмірін өркендету жолында талай тірліктің басын қайырды. Қарияның көпке үлгі еңбегін жерлестері әлі ұмытақойған жоқ. Бейбітелімізде адал бейнетпен абыройғабөленген қарияның өмір жолы ғибратқа толы.
Майра ҒАНИЕВА