Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » ЫНТЫМАҚ БАР ЖЕРГЕ БЕРЕКЕ ДАРИДЫ

ЫНТЫМАҚ БАР ЖЕРГЕ БЕРЕКЕ ДАРИДЫ

Жеті жыл бойы қан майданда оқпен оттың ортасында күн кешкен Шәймерден Сүйіндіков мамырдың бесінші жұлдызында 93 жасқа толды. 1925 жылы Сунақ ата ауылдық округінде дүниеге келген ардагер 1943 жылы Балтық жағасынан бастап, Фин еліне дейін, Жапон соғысына қатысып, Квантун армиясын жеңуге үлес қосқан. Оған дейін Ленинград шайқасында болып, Псков, Литва, Латвия, Таллин, Норва, Эстония жерін жаудан азат еткен батырлардың бірі. «Қызыл жұлдыз», бірінші дәрежелі «Ұлы Отан соғысы», «За отвагу», «За боевые заслуги», «Жуков» орден-медальдарымен наградталған. 1950 жылдың 12 ақпанында туған өлкеге оралып, 40 жылдай совхозда әр салада аянбай еңбек етіпті. Әсіресе, фирма меңгеруші қызметінде біраз жылдар тер төгеді. Зоотехник мамандығы бойынша ілім алған.
– Кейінгі кезде мал шарушылығының аудандағы дамуы, санының көбеюі көңіл қуантады. Бұл деген жыл сайын халықтың әлеуетінің артып келе жатқанын аңғартады. Ашаршылық, одан қала соғыс жылдарынан кейінгі уақыттарда ауылдың жағдайы өте нашар еді. Бүгін шүкір дейміз, тәуелсіздік алдық, жеріміз құнарлы, төрт-түлігіміз түгенделді, – деді соғыс ардагері. Иә, бейбіт күннің орнауына жастық жалынын құрбан еткен майдангердің жас буынға тілері тек тыныш ғұмыр кешіп, соғыстың ұшқынын көрмесін деген тілек.
10 мамыр 2018 ж. 1 271 0