№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Майдангерлер мәртебе биігінде

Майдангерлер мәртебе биігінде


Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 4996 жаңақорғандықтың 2643-і елге аман-есен оралып, еңбек майданына белсене араласып, елдің еңсесін тіктеуіне үлес қосты. Бүгінде қан майданда от кешкен соғыс ардагерлерінің алтауы әулетінің тірегі болып отыр. Мереке аясында облыстық мәслихаттың депутаты Жанкелді Ысқақов пен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Мәжит Балқожаев «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы аясында соғыс ардагерлеріне арнайы барып, мерекемен құттықтап, сый-сияпат жасады.
Алдымен сунақаталық Шаймерден Сүйіндіковтің шаңырағына аялдады. 1925 жылы Екпінді ауылында дүниеге келген азамат 18 жасында соғыс шебіне алынады. Выборг, Псков, Тарту, Таллин қалалары үшін болған шайқасқа қатысып, жеңісті Курляндия жерінде қарсы алады. Соғыста көрсеткен ерлігі үшін, ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, Ерлігі үшін, Германияны жеңгені үшін және т.б жеңістің мерекелік медальдарымен наградталады.
– Ассалаумағалейкум, қария! Аманбысыз? – деді табалдырықтан аттаған меймандар.
– Уағалейкумсалам! Амандық. Елдің тыныштығы мен татулығын тілеп отырмыз, – деп жауап қатты қарт майдангер.
Әулеттің берекесіне айналған ақсақал бірлік болған жерде береке тұрақтайтынын ұрпағына ұлағат етіп отырады екен. Сондықтан сөзін ағайын-туыстың ынтымақшыл болуының артықшылығы жайында бұрды. Қос басшы ақсақалдың сөзін қоштап, ойын қуаттады.
Халықшыл істердің ұйытқысы болып жүрген облыстық мәслихаттың депутаты Жанкелді Ысқақов соғыс ардагерінің иығына шапан жауып, әлеуметтік азық-түлік түрлерін ала келгенін айтты. Ал, Мәжит Балқожаев «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың құттықтауы мен сый-сияпатын тапсырды. Әнші Әбсұлтан Байкенжеев соғыс жылдарын салмақтайтын әндерді орындап, ардагердің көңіл-күйін көтерді.
Одан кейін Жайылманы бағытқа алды. Онда Айтіміш Матеновтің шаңырағына барып, денсаулығын сұрады. Ақсақалдың денсаулығы сыр беріп, төсек тартып қалыпты. Сүйегі асыл, жады мықты жандар ғой, науқастанып жатса да қонақтарын танып, ишаратпен амандасты...
Ақүйіктегі Найманбай Құрбанов 1942 жылы Орынбор қаласында әскери дайындықтан өтеді, сосын қазан айында жараланып, госпитальға түседі. 1943 жылы қайтадан соғыс қимылына араласады. Авияциялық бөлімде моторист болып істейді. Жеңісті Қарпат тауының қойнауында қарсы алады. Ал, бесарықтық Нұрман Асанов әскер қатарына 1942 жылы алынады. Алдымен Луговойдағы (қазіргі Т.Рысқұлов) әскери училищеде алты ай оқып, әуе атқышы және жөндеуші болып бітірген. Ашхабадта өндірістік іс-тәжірибеде болып, Тула қаласында майданға аттанады. Гомель қаласы маңындағы Салтановка түбіндегі шайқаста бір неміс ұшағын атып түсіріп, өз ұшағын қондырған полк штурман болған.
94 жасқа келген ақсақалдар әлі тың, сөзі жүйелі, ойы салмақты. Ұрпағының амандығын тілеп отыр. Шаңырағына келген қонақтарды қуанышпен қарсы алған ардагерлер енді соғыс болмасын, «Мәңгілік Елдің» нышаны бейбітшілік болсын дейді.
Украина майданында соғысып, Германияға дейін жетіп, жеңісті Берлин қаласында қарсы алған аққорғандық Сайфулла Жұмаділлаев ұрпағының бейбіт күнде еңбек етіп жатқанына шүкіршілік етіп отыр. Аудандағы абыз ақсақалдың бірі – кент тұрғыны Махметжан Сапарбаев. Ол 1942 жылы Кеңес әскері қатарында Курск бағытындағы соғыс операцияларына қатысқан.1944 жылы жарақаттанып елге оралады.
Ардагерлер мейраммен құттықтап келген азаматтарды көріп, қуанышын жасыра алмады. Жеңісті жаңғыртқан жауынгерлер бата бергенде «Мәңгілік Ел» жолында соғыстың жалыны болмаса екен деген тілектерін жеткізді...

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
11 мамыр 2018 ж. 1 613 0