№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Оператор Алматтың бір күні

Оператор Алматтың бір күні

Жаңақорғандағы жылына қуаттылығы 500 мың тонна шикізат өндіретін «СКЗ-U» күкірт қышқыл зауыты біздің елде теңдесіз жобаның бірі. Ол Сыр аймағының экономикасының өсуіне серпін беруде.  Инновациялық жобаларды тиімді жүзеге асыруға мән берген «СКЗ-U» ЖШС жоспарлы өнімді межеден артығымен орындап жүр. Былтыр өндіріс орны «Алтын сапа» сыйлығының «Үздік инновациялық жоба» номинациясын жеңіп алды. Бұл жетістікте зауыт мамандарының еңбегі зор. Солардың бірі өндіріс процесін жүйелеуші оператор Алмат Кәрімқожаұлының бір күндік жұмысымен танысып қайтқан болатынбыз. Қызметі қарапайым көрінгенімн, Алматтың жауапкершілігі ауыр деуге болады.
– Менің негізгі қызметім – жұмыстың жүру процесін бақылау. Яғни, күкірт қышқылының жұмыс айналымын қадағалаймын.            Насостардың істен шықпауына жауаптымын. Қасымда екі көмекшім бар. Қазір зауыт толық автоматтандырылған. Барлық құрылғылардың арнайы тетігі бар. Дегенмен, техника болған соң, ақау шығуы мүмкін немесе әр құрылғының ауысатын уақыты келеді. Соның барлығын үйлестіріп отырамын, – дейді кәсібіне жетік маман бізбен әңгімесінде.
Зауытқа 2012 жылы жұмысқа орналасқан оның негізгі мамандығы жер асты қондырғыларын орнату машинисі. Ол жұмысқа аграрлы-техникалық колледж дипломымен өндіріс орны енді еңсе көтеріп келе жатқан тұста келді. Содан бері осында тұрақты жұмыс жасап жүр. Қазір кез келген салаға, әсіресе кәсіпорындар мен өндіріс ошақтарына білікті мамандар қажет. Заманауи технологияны меңгерген жастарға сұраныс жоғары.
Айта кетейік, зауытқа тәулігіне 100 тонна таза су қажет, ол 24 сағат өндірісі тоқтап қалмауы үшін уақытылы жеткізіліп тұруы тиіс. Суды өңдеп, өндіріске қолдану үшін заманауи құрылғылар пайдаланылады. Зауытқа қажетті суды тәулік бойы жеткізіп отыратын косметикалық екі құрылғы бар. Әрқайсысы 1 сағатта 5 тоннаға дейін суды тазартуға қауқарлы екен. Олар кезек-кезек жұмыс істейді, біреуі 8-9 сағатта тұзды суды тазартып отырады. Одан кейін автоматты түрде тоқтап, екіншісі қажетті жеріне суды жеткізеді. Су күкірт қышқылын өңдеуге жұмсалады. Бұл процесті де қадағалауды міндетіне алған Алматқа аяқтан тік тұруға тура келеді.
– Осы саланы әу бастан өзім таңдап алғандықтан ауырлығына төтеп беремін. Ауысым бойынша жұмыс жасаймын. Бір апта күндізгі бөлімде, бір апта түнгі ауысымда жүремін. Жалпы мамандықтың бәрі жақсы, тек оған шынайы берілу керек, – дейді ол.
Өндіріс орнында қазір 270-тен астам қызметкер бар. Олардың басым көбі жергілікті тұрғындар. Алмат та құрылыс саласында талай жыл еңбек етіп шыңдалып, осы салаға түбегейлі бет бұрыпты.
– Алматтың осында қызмет етіп жүргеніне сегіз жылға жуықтады. Тәжірибесі толысқан білікті кадр деуге болады. Өзіне артылған жүкті көтере біледі. Жалпы зауыт ісінің алға басуында талмай еңбек етіп жүрген қызметкерлерге басшылық үнемі жоғары бағасын беріп, алғысын білдіріп отырады, – деді ауысым шебері Бағлан Қалбергенов.
Алмат Кәрімқожаұлы секілді зауытта білімді жастар өсіп келеді. Жылда межелі жоспарды асыра орындауға жігерлі еңбек ететін жастардың қызметіне дем беретін аға буынның еңбегі еселі. Осыдан зауыттың келешегі кемел, өндірісі қуатты, технологиясы мен стратегиясының әлеуеті зор екенін көреміз.
Әли ТЕМІРБЕК

23 ақпан 2020 ж. 609 0