№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БІЛІКТІ КАДРЛАР – МЕМЛЕКЕТ ҚУАТЫ

БІЛІКТІ КАДРЛАР – МЕМЛЕКЕТ ҚУАТЫ

Бәсекеге қабілетті өнімді өндіру мен жұмыстың сапалы әрі нәтижелі болуы кәсіби кадрларға тәуелді. Инновациялық жобаларды тиімді жүзеге асыруға мән берген СКЗ-U» ЖШС жоспарлы өнімді межеден артығымен орындап жүр. Мұндай жетістікте зауыттың мамандары шешуші рөл атқаратыны түсінікті-ақ. Біз сондай жауапты қызметкерлерді сөз етпекпіз.

Зауыттың жұмысы техникамен өнімді әрі қауіпсіздік сақталғанда ғана жұмыстың сапасы артады. Сондықтан техникаларға жауапты Владимир Ли мен еңбек және техника қауіпсіздігін сақтау бөлімінің қызметкері Айдархан Ниязовтың бір күндік жұмысын көзбен көру үшін арнайы бардық.
Қазір өндіріс орнында 35 техника үздіксіз жұмыс жасайды. Камаз, трактор және өзге қажетті техника мен жұмысшыларға Владимир Федорович жауапты. Өндіріс саласында 30 жылдық тәжірибесі бар маманның өндіріске тигізер септігі көп.
– Менің негізгі қызметім – инженер-механик. Шиелі ауданының тумасымын. Сондағы «РУ-6» мекемесінде тәжірибе жинап, кәсіби маман ретінде танылдым. «СКЗ-U»-ға келгеніме 7 жылдай болды. Мұнда барлық мамандар өз ісінің білікті кадрлары деуге болады, – деді кейіпкеріміз.
Өзінің атқаратын ісін тыңғылықты орындайтын Владимирдің қызметін зауыт басшылығы жоғары бағалайды. Себебі, зауытқа қажетті шикізатты тасымалдау және шикізат өндіруде қажетті техникаларға жауапкершілікпен атқарып отыр.
Ал, Айдархан Шарапұлы күкірт қышқыл зауытының еңбек және техника қауіпсіздігін сақтау бөлімінде менеджері. Еңбек, техника және қозғалыс қауіпсіздігін үйлестіріп отыр. Зауытқа 2011 жылы жас маман ретінде қабылданады.
– Айдархан қызметіне тиянақты, тәжірибесі толысқан маман. Ол қызметтік жұмысынан бөлек «СКЗ-U» намысын түрлі дәңгейдегі спорттық шараларда қорғап жүреді. Жалпы, жан-жақты қабілетті маманнан жастар үлгі-өнеге алады – деді қызметкерлермен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Гүлнара Рүстемова.
2009 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің өмір-тіршілік қауіпсіздігі мамандығын бітіреді. Ол мамандықты дұрыс таңдағанын айтты.
Айтқандай, Айдарханды өзгелерден ерекшелейтіні жас мамандарға білгенін айтып, тәжірибесімен бөлісіп жүреді.
Жас маман демекші, серіктестік болашақ мамандарды дайындауда да белсенділік танытуда. Бүгінгі күні кәсіпорын есебінен бірнеше студент жоғары оқу орнында, одан кейін колледждер де өндіріске қажетті мамандықтарды игеруде. Одан бөлек, жас мамандардың қызметке орналасуына, келешегіне шырақ жағуына үлес қосып келеді. Ал, оларға жол көрсететін Айдархан сынды білікті мамандар зауытта жеткілікті. Айдарханның өндіріс саласындағы жетістігі де аз емес. Бірнеше «Алғыс хаттармен» және салааралық өткізілетін спортық спарткиадан да жүлделі. Отбасылы екі қыз, бір ұл тәрбиелеп отырған әке.
Міне, қос маманның зауыттағы қызметі осындай. Қалай болғанда жауапты қызмет атқаратын мамандарды насихаттау керек-ақ. Себебі, білікті кадрлар – мемлекет қуаты емес пе?..

Әли ТЕМІРБЕК.
15 маусым 2019 ж. 1 304 0