Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№52 (8966) 14

14 шілде 2026 ж.

№51 (8965) 9

09 шілде 2026 ж.

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Жаңақорғандық «СКЗ-U» ЖШС «Алтын сапа» сыйлығының жеңімпазы атанды

Жаңақорғандық «СКЗ-U» ЖШС «Алтын сапа» сыйлығының жеңімпазы атанды


Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекет басшысының қатысуымен өткен «Алтын сапа» сыйлығы иегерлерін марапаттау рәсімінде жаңақорғандық «СКЗ-U» ЖШС «Алтын сапа» сыйлығының жеңімпазы атанды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «СКЗ-U» ЖШС-нің бас директоры Мәдихан Бекжановқа «Алтын сапа» сыйлығының «Үздік инновациялық жоба» номинациясының жүлдесін табыс етті.
«СКЗ-U» ЖШС: Жаңақорған ауданындағы күкірт қышқылы зауытының құрылысы, Қызылорда облысының инновациялық-серпінді жобаларының бірі болып табылады. Күкірт Қышқыл Зауытының жобалық қуаты жылына 500 000 тоннаны немесе тәулігіне 1500 тоннаны құрайды.
«СКЗ-U» ЖШС-гі қызметі «Қазатомөнеркәсіп»ҰАК» АҚ Уран өндіруші кәсіпорындарының күкірт қышқылына деген қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған.
«СКЗ-U» ЖШС-нің күкірт қышқылын өндіру технологиясының ҚР-да баламасы жоқ. Өндіріс технологиясы қалдығы аз болып табылады және шикізаттың мақсатты өнімге көшуін 99,9% деңгейінде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
13 желтоқсан 2019 ж. 1 094 0