№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорғандағы еуропалық стандарт бойынша жабдықталған зауыт

Жаңақорғандағы еуропалық стандарт бойынша жабдықталған зауыт

Күкірт-қышқылы зауытының бүгінде жылдық қуаты 500 мың тонна болса, күніне 1500 тонна шикізат өндіреді. 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында салынған зауыттың жетістігі аз емес. Былтыр жыл қорытындысымен «Парыз-2018» сыйлығының «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясында «СКЗ-U» ЖШС күміс статуеткамен серіктестіктің бас директоры Мәдіхан Бекжанов марапатталды.

Серіктестіктің бас директоры Мәдіхан Әріпұлы: «Алғашқы жылдары 100 мың тонна күкірт қышқылын өндірсек, кейінгі жылдары өндіріс жұмысы қалыпқа түсіп, өнімділік артты. Мәселен, 2018 жылдың қорытындысы бойынша зауыт 530 мың тонна күкірт қышқылын өндірді. Жоспар бойынша бұл көрсеткішке 2019 жылдың екінші жарты жылдығында жетуіміз керек болатын. Яғни жоспарды толығымен орындап келеміз. Сонымен бірге электр энергиясын өндіріп, аудандық электр желісіне арзан бағада берілуді, – деді.
Еуропалық стандарт бойынша жабдықталған зауыт толық автоматтандырылған. Мәселен жапониялық «Marubeni» және «ТЕРС» корпорациясы, канадалық «UraniumOne» компаниясы қатысуымен «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ іске асырды. Ал, құрылыстың технологиялық жабдықтарын «Desmet Ballestra S.P.O.» (Италия) компаниясы құрған. Францияның «General Electric» компаниясы өндіретін энергогенераторлық қондырғыларды осы кәсіпорынның жабдықтаушы БК ЖШС «Союзкомплект» жүйелі жұмысты қалыптастырды. Уран өндіруші кәсіпорынға қажетті сілті қышқылын өндірудің шикізаты – «Теңізшевройл» ЖШС алынатын кесек күкірті болып табылады. Еске сала кетерлігі – қондырғының негізгі өнімі шығарылған күкірт қышқылы (93%) салмақты Н2SO4. Дайын өнімді (Н2SO4) тұтынушыға тиеп беруші «ЖаңақорғанТранзит» ЖШС автокөлікке тиеу-түсіру базасына дейін құбырмен жүзеге асырылады. Одан әрі «Қорасан-1», «Қорасан-2» кеніштеріне автокөлікпен және «Тау-кен» компаниясы ЖШС кәсіпорындары үшін теміржол көлігімен жеткізу қарастырылған. Зауыт жұмысының жан-жақтылығын дамыту үшін энергокомплексте сағатына 18 меговатт электр қуатын өндіру де қоса атқарылады. Оның 10 мегаватын жергілікті Жаңақорған электр желісіне қосылуы қарастырылған.


Нұрлат АЙТЖАН
19 қыркүйек 2019 ж. 767 0