№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Серіктестік "Алтын сапа" сыйлығының иегері атанды

Серіктестік "Алтын сапа" сыйлығының иегері атанды



Тәуелсіздік мерекесінде еңбегі ерен азаматтарды марапат биігіне шығару дәстүрі қалыптасты. Мерейлі күні «СКЗ-U» ЖШС бас директоры Мәдіхан Бекжанов та марапатталды. Нақтысын айтқанда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен «Алтын сапа» сыйлығы иегерлерін марапаттау рәсімінде Жаңақорған инновациялық зауыты «Алтын сапа» сыйлығының жеңімпазы атанды.

Президент «СКЗ-U» ЖШС-нің бас директоры Мәдихан Бекжановқа «Алтын сапа» сыйлығының «Үздік инновациялық жоба» номина­ция­сының жүлдесін табыс етті.
«СКЗ-U» ЖШС: Жаңақорған ауда­нындағы күкірт қышқылы зауытының құрылысы, Қызылорда облысының инно­вациялық-серпінді жобаларының бірі болып табылады. Күкірт Қышқыл зауытының жобалық қуаты жылына 500 000 тоннаны немесе тәулігіне 1500 тоннаны құрайды.
– Алғашқы жылдары 100 мың тонна күкірт қышқылын өндірсек, кейінгі жылдары өндіріс жұмысы қа­лыпқа түсіп, өнімділік артты. Мәселен, 2018 жылдың қорытындысы бойынша зауыт 530 мың тонна күкірт қышқылын өндірді. Жоспар бойынша бұл көрсеткішке 2019 жылдың екінші жартыжылдығында жетуіміз керек-тұғын. Сонымен бірге жыл басынан бері 110 000 МВт/ч электр энергиясын өндірілсе, оның 73 000 МВт/ч аудан­дық электр желісіне бердік. Зауыт әлеуметтік міндеттерді ұмытқан емес. Түрлі қайырымдылық шаралары мен көмекке 100-150 миллион теңге жұмсадық. Әсіресе Кейден ауылдық округіне қажетті көмекті беріп келеміз, – деді Мәдіхан Әріпұлы.
Былтыр жыл қорытындысымен «Па­рыз-2018» сыйлығының «Эколо­гияға қосқан үлесі үшін» номи­нация­сында «СКЗ-U» ЖШС күміс статуеткамен серік­тестіктің бас директоры Мәдіхан Бекжанов мара­патталды.
– Зауыт толық автоматтан­ды­рыл­­­ған. Құрылыстың техноло­гия­лық жабдықтарын «Desmet Ballestra S.P.O.» (Италия) компаниясы құр­ған. Францияның «General Electric» компаниясы өндіретін энер­гоге­не­раторлық қондырғыларды кәсіп­­­­орынның жабдықтаушысы «Союз­ком­плект» БК ЖШС болып табылады. Яғни зауыттың қоршаған ортаға зияны жоқ. Оның үстіне, жыл сайын өнімділікті арт­тырып келеміз. Президент осындай еңбекті бағалағанына қуаныштымын, – деді зауыт директоры.
«СКЗ-U» ЖШС-нің күкірт қышқылын өндіру технологиясының елімізде ба­ла­масы жоқ. Өндіріс технологиясы қалдығы аз болып табылады және шикі­заттың мақсатты өнімге көшуін 99,9 процентке деңгейінде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

P.S.: Жаңақорған ауданындағы зауыттың республикалық конкурста үздік көрінуі іске нақты талап пен өндіріс өнімділігін арттыруға деген талғамынан екені анық. Зауыт директорымен тілдескенімізде зердеге осыны тоқыдық.

Майра ҒАНИЕВА
19 желтоқсан 2019 ж. 587 0